Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бір әкімшілік–аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілері үшін бірыңғай салық ставкаларын қолдану Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасына (Қ.Н. Болғанбаев) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Тлеубергеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 қарашадағы кезектен тыс 17 сессиясының N 182 шешіміне қосымша Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері N Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есеп көрсеткіші) 1. Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы 10 2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы 15 3. Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер 3 4. Ойын жолы 55 5. Бильярд үстелі 20 6. Карт 10