О присвоении наименования улицам сел Нижний Тургай, Карагайлы, Жанажол и переименовании улиц сел Тургай, Балыкты Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Төменгі Торғай, Қарағайлы, Жаңажол селоларының көшелеріне атаулар беру және Торғай, Балықты селоларының көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Торғай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Төменгі Торғай селосының көшесіне атау берілсін: № 1 көшеге Достық атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Қарағайлы селосының көшесіне атау берілсін: № 1 көшеге Қарағайлы атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Жаңажол селосының көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге Жеңіс атауы берілсін; № 2 көшеге Тәуелсіздік атауы берілсін; № 3 көшесі Мұқанов Тайшық атындағы атауы берілсін.
Тармақ 4
4. Торғай селосындағы көшелердің атаулары өзгертілсін: Насосная көшесі Ақбұлақ көшесіне; Дома Автобазы көшесі Бейбітшілік көшесіне; Совхозная көшесі Әлжанов Қапез атындағы көшесіне; Советская көшесі Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесіне; Клубная көшесі Мәдениет көшесіне; Кооперативная көшесі Әділет көшесіне; Құрылыс-монтаж поезды көшесі Теміржолшылар көшесіне; Малый и Большой Копай көшесі Дөненкөл көшесіне.
Тармақ 5
5. Балықты селосындағы көшелердің атаулары өзгертілсін: Целинная көшесі Тың игерушілер көшесіне; Центральная көшесі Орталық көшесіне; Северная және Приозерная көшелерін бірлестік жолымен Ынтымақ көшесіне.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 7
7. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Әдірешов «Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Батенов