Об охранной зоне государственного лесного природного резервата "Ертіс орманы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының қорғау аймағы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 123-баптарына, 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 18, 53-баптарына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шарбақты және Лебяжі аумағындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің сыртқы шекарасы бойындағы жалпы ауданы 721361 га (Шарбақты ауданы - 352392 га, Лебяжі ауданы - 368969 га.) қорғау аймағы кеңейтілсін.
Тармақ 2
2. Қорғау аймағының аумағында резерваттың қорғау аймағын кеңейту бөлігінде "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватын құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету енгізуге сәйкес табиғат пайдалану режимі мен тәртібі орнатылсын (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 329 бұйрығымен бекітілген).
Тармақ 3
3. "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің директорына қорғау аймағының шекараларын арнайы таңбалармен белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Қ. Закарияновқа жүктелсін.