О проведении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку на территории Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы аумағындағы шақыру учаскесіне еркек жынысты Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеуге алуды жүргізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына, «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17, 18-баптарына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, аудан әкiмі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1993 жылы туған және бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен, еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуге алу 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкiмдері азаматтардың шақыру учаскесіне уақыттылы келуін қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Азаматтардың медициналық куәландыруын сапалы өткiзу үшін С. А. Алмолдин «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісімімен):
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және басқа да әскери құрылымдардағы әскери дәрігерлік сараптаманың жоспары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 қаулысына сәйкес қажетті жабдықтармен қамтамасыз етсін;
- анықталған сырқат әскерге шақырылушыларға медициналық қызмет көрсету және стационарлық тексеріс үшін қажетті төсек-орын бөлуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. «Қызылжар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Л.Е. Шайхлесова «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес қаржыландыру жоспарына сәйкес шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуге алуды жүргізуді уақытында қаржыландырсын.
Тармақ 5
5. «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Х. Ақылбекова «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының 1-тармағына сәйкес:
шақыру учаскесінде азаматтарды тіркеуді өткізу кезінде, учаскеге азаматтарды тіркеуді материалды-техникалық қамтамасыз ету үшін іс қағаздарын жүргізушілер 4 дана, автобус жүргізушісі 1 дана бірлігімен, жинаушы 1 дана жұмысқа алынсын.
Тармақ 6
6. Осы мақсаттар үшін Қызылжар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бөлген автобусты ауданның елді мекендерінен азаматтарды жеткізу үшін пайдалансын.
Тармақ 7
7. Тіркеуге алу комиссиясы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында өткiзiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ы. Байсыновқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН: