Об организации и обеспечении проведения приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку объединенного отдела по делам обороны Костанайского района Костанайской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар - наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтар, селолар, Затобол кенті әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді және уақытында келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қостанай ауданы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлескен түрде тіркеу бойынша іс-шаралар өткізу ұсынылсын:
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер департаментінің "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдану үшін Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлескен тіркеу өткізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу орындарына жеткізу;
Тармақша 2
2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру беру;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізу.
Тармақ 6
6. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 2010 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде аудандық бюджет қаражатынан Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________________ Д. Айсин 2009.12.11 Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________________ М.Сейткулов 2009.12.11 Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын бас дәрігерінің міндетін атқарушы _____________________ Б.Утебекова 2009.12.11