О присвоении наименований улицам села Боярка, аула Ельтай, села Жанаталап Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Боярка селосының, Елтай ауылының, Жаңаталап селосының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып Даниловка селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Боярка селосының, Елтай ауылының, Жаңаталап селосының көшелеріне атаулар берілсін. Боярка селосында: № 1 көшеге - Приозерная атауы; № 2 көшеге - Школьная атауы. Елтай ауылында: № 1 көшеге - Ұялы атауы; № 2 көшеге - Бөгенбай атындағы атауы. Жаңаталап селосында: № 1 көшеге - Ақ қайын атауы; № 2 көшеге - Ақ бұлақ атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Аймағамбетова Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Қ. Әбділдина