О переименовании улиц, переулков села Урюпинка и присвоении наименований улицам сел Амангельды, Ерофеевка, Малоалександровка, Красный Бор Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Урюпин селосының көшелерінің, тұйық көшелерінің атауларың өзгерту және Амангелді, Ерофеевка, Малоалександровка, Красный Бор селоларының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасынын 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, және халықтың пікірін ескере отырып, Урюпин селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Урюпин селосының көшелерінің және тұйық көшелерінің атаулары өзгертілсін және Амангелді, Ерофеевка, Малоалександровка Красный Бор селоларының көшелеріне атаулар берілсін: Урюпин селосында: «Ленин» көшесі - «Абылайхан» атындағы көшесіне; «Чапаев» көшесі - «Шоқан Уәлиханов» атындағы көшесіне; «Советская» көшесі - «Мұхтар Әуезов» атындағы көшесіне; «Октябрьская» көшесі - «Ғабит Мүсірепов» атындағы көшесіне; «Кирова» көшесі - «Кенесары» атындағы көшесіне; «Целинная» көшесі - «Әліби Жангелдин» атындағы көшесіне; «Трудовая» көшесі - «Тоқтар Әубәкіров» атындағы көшесіне; «Рабочая» көшесін - «Сағадат Нұрмағамбетов» атындағы көшесіне; «Новоселов» көшесі - «Ыбырай Алтынсарин» атындағы көшесіне; «Степная» көшесі - «Кұрманғазы» атындағы көшесіне; «Центральный» тұйық көшесі - «Федот Гусаков» атындағы тұйық көшесіне; «Пионерский» тұйық көшесі - «Жастар» тұйық көшесіне; «Мира» тұйық көшесі - «Бейбітшілік» тұйық көшесіне; «Спортивный» тұйық көшесі - «Достық» тұйық көшесіне; «А. Пушкин» тұйық көшесі - «Абай» атындағы тұйық көшесіне; Амангелді селосында: № 1 көшеге – «Жайық Бектұров» атындағы атауы; № 2 көшеге – «Ыбырай Алтынсарин» атындағы атауы; № 3 көшеге - «Сәкен Сейфуллин» атындағы атауы; Ерофеевка селосында: № 1 көшеге – «Мұхтар Әуезов» атындағы атауы; № 2 көшеге – «Ақжайык» атауы; Малоалександровка селосында: № 1 көшеге – «Абай» атындағы атауы; № 2 көшеге – «Ыбырай Алтынсарин» атындағы атауы; № 3 көшеге – «Сәкен Сейфуллин» атындағы атауы; Красный Бор селосында: № 1 көшеге – «Ахмет Байтұрсынов» атындағы атауы; № 2 көшеге – «Шәмші Қалдаяков» атындағы атауы; № 3 көшеге – «Абылайхан» атындағы атауы; № 4 көшеге – «Ақжайық» атауы; № 5 көшеге – «Болашақ» атауы; № 6 көшеге – «Кенесары» атындағы атауы; № 7 көшеге – «Әлия Молдағұлова» атындағы атауы;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақкөл ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ақкөл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің басқармасы Б.Б.Әкімова «Ақкөл аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы И.И.Карпова