О переименовании наименований улиц села Новодолинка Новодолинского сельского округа Ерейментауского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданы Новодолинка селолық округінің Новодолинка селосының көшелерінің атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Новодолинка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Новодолинка селолық округінің көшелерінің атаулары өзгертілсін: Парковая көшесі Дінмухамед Қонаев атындағы көшесіне; Интернациональная көшесі Бейбітшілік көшесіне; Юбилейная көшесі Бөгенбай батыр атындағы көшесіне; Школьная көшесі Ыбрай Алтынсарин атындағы көшесіне; Зеленая көшесі Сәкен Сейфулин атындағы көшесіне; Гагарин көшесі Тоқтар Әубакіров атындағы көшесіне; Карла Маркса көшесі Абылайхан атындағы көшесіне; Ленин көшесі Қажымұқан атындағы көшесіне; Энгельс көшесі Тәуелсіздік көшесіне; Тельман көшесі Шоқан Уәлиханов атындағы көшесіне;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауға өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ерейментау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н.К.Батенов «Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Б.Адрешев