О мерах по обеспечению проведения специальных оперативно-розыскных мероприятий на сетях электросвязи Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.05.22. N 774 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы" , "Жедел iздестiру қызметi туралы" , "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуi үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы " Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 469-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың және радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тәртiбi туралы ережеде: 17-тармақтағы "Лицензияның мiндеттi шарттарына": деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "коммутациялық жабдықтардың құрамында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйесiнiң болуы".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi үш ай мерзiмде почта байланысы мен телекоммуникациялар саласында қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға бұрын берілген лицензияларды осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдар:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Нұсқаулық талаптарының қатаң орындалуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) коммутациялық жабдықтардың құрамына арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізуді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдар бұрын шығарылған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1937 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы Нұсқаулық
Тарау 1. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік органдар мен меншік нысандары мен бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Электр байланысы желілерінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етудің техникалық құралдары жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгілі бір пайдаланушылардың (абоненттердің) қосылулары мен орналасқан жерлерін жедел бақылау үшін арналған.
Тармақ 3
3. Жүйелер жалпы қолданыстағы желілерге енгізілген және халықаралық, қалааралық, жергілікті, ведомстволық телефондық, ұялық, транкингтік, телеграфтық байланыстар, деректерді беру және байланыстың өзге де түрлері кезінде қызмет көрсетуге арналған электронды коммутациялық желілерде орнатылуы тиіс.
Тармақ 4
4. Электр байланысы желілерінде Жүйені енгізу үшін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) - Пайдаланушы және кәсіпорындар - байланыс операторлары - Коммутациялық жүйелердің иелері жауапты болып табылады.
Тармақ 5
5. Жүйені пайдалануды жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың мүддесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары (соңғы Пайдаланушы) жүзеге асырады.
Тарау 2. ІІ. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың электр байланысы желiлерiнде Жүйелердi енгiзу және пайдалану кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi
ІІ. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың электр байланысы желiлерiнде Жүйелердi енгiзу және пайдалану кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi байланыстың барлық түрлерiнiң жағдайы мен дамуы үшiн жауап беретiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган ретiнде:
Тармақша 1
1) байланыс кәсiпорнының коммутациялық жабдығы құрамында Жүйенiң болуын, Жүйенiң "Қазақстан Республикасының электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйелерiне техникалық талаптарға" (бұдан әрi - Техникалық талаптар) сәйкестiгi туралы ресми қорытындының (немесе сертификаттың), Нұсқаулыққа қосымшаның болуын бақылайды және Жүйе болмаған жағдайда байланыс қызметiн көрсетудi ұсынуға лицензияны қайтарып алу жөнiндегi мәселелердi шешедi.
Тармақша 2
2) Заңды және жеке тұлғалардың құжаттарын халықаралық, қалааралық, жергiлiктi, ведомстволық (жалпы қолданыстағы желiге шығатын) телефондық, ұялы, транкингтiк, телеграфтық, деректердi беру және байланыстың өзге де түрлерiмен қызмет көрсетуге лицензиялар алуға арналған құжаттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне келiсуге жолдайды.
Тармақ 7
7. Байланыс кәсiпорнының телефондық коммуникацияларын пайдалануға байланысты арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүзеге асыратын орган ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi - Жүйелердi Пайдаланушы:
Тармақша 1
1) кәсiпорын-байланыс операторларының Жүйеге Техникалық ұсыныстарын келiседi;
Тармақша 2
2) Жүйенiң Техникалық талаптарға сәйкестiгiн тексеру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және ресми қорытынды бередi;
Тармақша 3
3) соңғы Пайдаланушының құқығында Жүйенi беруге және оны пайдалануға қосуға арналған шарттарға қатысады;
Тармақша 4
4) байланыс операторлары-кәсiпорындарымен бiрлесiп, Жүйелердi сынауды және пайдалануға қабылдауды жүргiзедi;
Тармақша 5
5) Жүйелердi пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Жүйелердi енгiзу техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде құпиялылық режимiн қамтамасыз ету бөлiгiнде байланыс операторлары-кәсiпорындарының қызметiн бақылайды;
Тармақша 7
7) халықаралық, қалааралық, жергiлiктi, ведомстволық (жалпы қолданыстағы желiге шығатын) телефондық, ұялы, телеграфтық, транкингтiк, деректердi беру және байланыстың өзге де түрлерiмен қызмет көрсетуге лицензия берудi келiседi.
Тармақ 8
8. Жалпы қолданыстағы желiге қосылған байланыс операторлары кәсiпорыны - Коммутациялық жүйелердiң иелерi мыналарды орындайды.
Тармақша 1
1) Жүйеге техникалық ұсыныстарды әзiрлейдi. Техникалық ұсыныстар: Жүйенiң таңдап алынған жабдығының түрiн (станциялық жиынтық пен шығарылған басқару пунктiнiң арасындағы байланыс желiсiн қоса есептегенде), өндiрушi фирманы көрсетудi, Техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы ресми қорытындының (сертификаттың) болуын; Жүйенi байланыс объектiсiне енгiзудiң сызбасын; жабдықты беруге, орнатуға, сынауға және пайдалануға қабылдауға шарттар жасауды қоса есептегенде, Жүйенi енгiзудiң жоспарын; Жүйенi енгiзу, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезiнде жұмыстардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қамтиды.
Тармақша 2
2) Жүйеге Техникалық ұсыныстарды Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiседi.
Тармақша 3
3) Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп және келiсiм бойынша Жүйенi енгiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
Тармақша 4
4) Жүйенi пайдаланудың санкцияланбаған пайдаланудың, сондай-ақ Жүйенiң бағдарламалық және аппараттық құралдарына санкцияланбаған кiрудiң мүмкiндiгiн болдырмайтын тәртiбiн ұйымдастырады.
Тармақша 5
5) Жүйенiң үздiксiз жұмыс істеуін, оны жөндеудi, күтім жасауды, реттеу жұмыстарын, сондай-ақ, Пайдаланушыға техникалық сипаттағы қажеттi деректердi берудi, сондай-ақ коммутациялық жүйелерде пайдаланылатын криптографиялық құралдарды сақтауға алуды қамтамасыз етедi.
Тармақша 6
6) Қажеттілiгiне қарай Пайдаланушымен өзара iс-қимыл жасау үшiн ұдайы жұмыс iстейтiн энергиямен жабдықталған қызметтiк үй-жайлар бөледi. Бөлiнген үй-жайларды пайдаланудың тәртiбi өзара келiсiледi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және байланыс операторлары-кәсiпорындарының осы Нұсқаулықта көрсетiлмеген өзара iс-қимылы мәселелерi, сондай-ақ Нұсқаулықтың жекелеген тармақтарын орындаудың мерзiмдерi бiрiншi басшылардың бiрлескен бұйрықтарымен және өкiмдерiмен реттеледi.
Тармақ 10
10. Жүйенi енгiзу мен пайдалану кезiнде туындаған даулы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен шешiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйелерiне техникалық талаптар
Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының электр байланысы желілерінде арнаулы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізудің техникалық құралдары жүйелерін енгізу мен пайдалану кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымша Қазақстан Республикасының электр байланысы желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудiң техникалық құралдары жүйелерiне техникалық талаптар
Тарау 1. 1. Қолданылу саласы
1. Қолданылу саласы
Тармақ 1
1. Осы талаптар уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың электр байланыстың сымды және сымсыз желiлерiнде арнаулы жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзудi техникалық қамтамасыз етуi бөлiгiнде жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiлерiнiң коммутациялық жабдықтарына қолданылады.
Тармақ 2
2. Коммутациялық жабдықтың құрамдас бөлiгi болып енетiн арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізудiң техникалық құралдары жүйелерiн (бұдан әрi мәтін бойынша - Жүйе) құру, техникалық сипаттамасы және функционалдық мүмкiндiктерi жөнiндегi жалпы талаптары белгiленедi.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Жалпы ережелер
2. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiлерi коммутациялық жабдығының барлық түрi Жүйемен толықтырылуы қажет. Осы талап ведомстволық немесе жалпы қолданыстағы телекоммуникация желiсiне шыға алмайтын өзге де коммутациялық жабдыққа қатысты емес.
Тармақ 4
4. Осы талап мынадай байланыс түрлерiнiң коммутациялық жабдықтарын қамтиды:
Тармақша 1
1) республиканың аумағында пайдаланылатын тиісті стандарттардың жалпы қолданыстағы сымды және кабельді баламды және санды телефонды және модемді байланыс;
Тармақша 2
2) республиканың аумағында пайдаланылатын баламды және стандартты жалпы қолданыстағы қозғалмалы ұялы байланыс;
Тармақша 3
3) республиканың аумағында пайдаланылатын тиiстi стандарттардағы телефонды және деректердi берудi қоса алғанда, спутниктік байланыс;
Тармақша 4
4) республиканың аумағында пайдаланылатын баламды және санды стандарттардағы радиальды транкингтік немесе өзге де үлгідегі радиобайланыс;
Тармақша 5
5) республиканың аумағында пайдаланылатын стандарттардың дербес радио шақыру (пейджинг) желiлерi;
Тармақша 6
6) республиканың аумағында пайдаланылатын байланыстың тиістi стандарттарының деректер беретiн кең ауқымды компьютерлік желілерi.
Тармақ 5
5. Республиканың аумағына байланыстың жаңа стандарттары мен түрлерiн енгiзу кезінде коммутациялық жабдықтың өңдеушілері мен операторлары осы құжаттың талаптарын орындауы тиіс.
Тармақ 6
6. Байланыстың коммутациялық жабдығын жетілдіру, кеңейту, техникалық өзгерту Жүйе жабдығының жұмысқа қабілеттілігіне әсер етпеуі немесе қандай да бір тұрғыда оның осы құжатта көрсетілген функцияларын шектемеуі қажет.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Жүйенiң арналуы мен құрамы
3. Жүйенiң арналуы мен құрамы
Тармақ 7
7. Жүйе белгiлi пайдаланушылардың (абоненттердiң) қосылуы мен орналасқан жерiн жедел бақылау үшiн арналған.
Тармақ 8
8. Жүйе байланыс желiсi штаттық жабдығының құрамына енетiн аппараттық-бағдарламалық құрал ретiнде ұйымдастырылуы қажет.
Тармақ 9
9. Жүйе:
Тармақша 1
1) СЖ АБҚ станциялық жиынтықтың аппараттық-бағдарламалық құралдарын;
Тармақша 2
2) АБҚ БП қашықтатылған басқару пунктiнiң аппараттық-бағдарламалық құралдарын;
Тармақша 3
3) арнатудырушы аппаратура мен СЖ мен БП-нiң арасындағы байланыс желiсiн қоса алғандағы, деректер мен командаларды беру арналарының желiлiк жабдықтарын;
Тармақша 4
4) бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығын;
Тармақша 5
5) қосалқы мүліктер мен керек-жарақтардың жиынтығын;
Тармақша 6
6) пайдалану құжаттамаларының жиынтығын қамтуы тиіс.
Тармақ 10
10. СЖ станциялық жиынтығы белгілі абоненттің СЖ бақылау желісінің БП-нен команда бойынша абоненттік трактіге қосылуын бақылауды жүзеге асыру үшін арналған.
Тармақ 11
11. БП қашықтатылған басқару пункті тұтастай алғанда Жүйенің жұмыс істеуін басқару, СЖ-на қызметтік ақпарат пен командаларды беру, СЖ-нан ақпарат қабылдау, алынған мәліметтерді талдау, өңдеу және құжаттандыру үшін арналған.
Тармақ 12
12. Желілік жабдық СЖ мен БМ арасында бақылау және қызметтік ақпараттар алмасу үшін арналған.
Тарау 4. 4. Жүйеге қойылатын жалпы талаптар
4. Жүйеге қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 13
13. Жүйе байланыс желісінде пайдаланылатын станцияаралық және абоненттік белгі беру жүйелеріне қарамастан өз функциясын орындауы тиіс.
Тармақ 14
14. Жүйе:
Тармақша 1
1) берілу желілік трактісі жабдықтарымен сиымдылығын, жекелеген жағдайларда жеке желілерімен түйісуін;
Тармақша 2
2) СЖ мен БП-нің деректер беру арналары бойынша өзара іс-қимылын;
Тармақша 3
3) уақыттың нақты ауқымында жедел бақылауды жүзеге асыруды;
Тармақша 4
4) берілетін ақпараттарды қорғауда олардың қандай тәсілдер қолданатындығына қарамастан абоненттерді жедел бақылауды жүзеге асыруды;
Тармақша 5
5) әрбір жеке абонентті оның байланыс желісіне қосылуының түріне (жеке немесе топтасқан) қарамастан бақылауды;
Тармақша 6
6) электр байланысы желілері бақыланатын пайдаланушылар туралы ақпараттарды сақтау үшін деректер базасын және БП-нің деректерін жедел басқаруды ұйымдастыруды;
Тармақша 7
7) Жүйе жабдығының жұмыс істеуіне технологиялық бақылауды жүзеге асыруды;
Тармақша 8
8) Байланыс желілері техникалық қызметшілерінің Жүйенің жабдығы мен ақпаратына енуінен қорғауды қоса алғандағы, санкциясыз енуден қорғауды;
Тармақша 9
9) Жүйе жабдығын электр байланыстың қосымша түрлері мен стандарттарына сай жетілдірудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 15
15. Жүйе БП-не мынадай ақпараттарды беруді қамтамасыз етуге тиіс:
Тармақша 1
1) Жүйе АБЖ-ның жұмысқа дайындығы туралы;
Тармақша 2
2) командаларды орындаудың нәтижелері туралы;
Тармақша 3
3) Жүйенің жұмысына санкциясыз араласу туралы.
Тармақ 16
16. Жүйе өзінің функционалдық жағдайына (жұмыс, ақаулылығы, бақылау, қалпына келтіру, қайта іске қосу және с.с.) қарамастан желілер абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету процестеріне ықпал етпеуі тиіс.
Тармақ 17
17. Жүйе өзінің жергілікті жабдықтарын бір желіге біріктірудің мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Бақылауды ұйымдастыру
5. Бақылауды ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Жүйе байланыс желілерін пайдаланушыларды (абоненттерді) телефонның (терминалдың) дербес нөмірі, электрондық мекен-жайы, идентификаторы, қысқартылған нөмірі, шартты мекен-жайы және с.с. бойынша бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 19
19. Жүйе:
Тармақша 1
1) осы коммутациялық станциядағы бақыланатын абоненттердің кіріс және шығыс шақыруларын (жергілікті, аймақ ішіндегі, қалааралық және халықаралық автоматты және жартылай автоматты) бақылауды;
Тармақша 2
2) осы коммутациялық станциядағы абоненттердің шығыс байланысы кезінде жалпы желінің бақыланатын абоненттерінің алдын ала берілген нөмірлеріне шақыруларды бақылауды;
Тармақша 3
3) абоненттердің кіріс және шығыс шақыруларының телефон нөмірлерін анықтауды;
Тармақша 4
4) деректерді қабылдау немесе беру кезінде абоненттердің электрондық (желілік) мекен-жайын анықтауды;
Тармақша 5
5) бақыланатын арналар: сөйлесу, факсимильді, деректерді беру және т.б. бойынша беру түрлерін автоматты түрде айырып тануды;
Тармақша 6
6) сөйлесуді және өзге де ақпаратты беруді (деректерді беру, факсимильді байланыс және т.б.) қамтамасыз ететін қосылуларды бақылауды;
Тармақша 7
7) графикалық бейнелерді айырып тануды, олардың кодын ашуды;
Тармақша 8
8) бақыланатын абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді ұсынуды;
Тармақша 9
9) коммутация станцияларының (базалық станциялардың) арасында басқаруды тапсыру кезiндегi жылжымалы байланыс абонентiнiң орнатылған қосылуын бақылауды сақтауды;
Тармақша 10
10) бақыланатын абонентке бiр мезгiлде бiрнеше абонентпен сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қосымша "конференцбайланыс" қызметiн ұсынған кезде, конференцбайланысқа барлық қатысушылардың нөмiрлерi бақылануы тиiстiгiн;
Тармақша 11
11) шақыру бағытын (мекен-жайын өзгерту) немесе олар бойынша нөмiрлi ақпаратты (қысқартылып терiлген нөмiрлер) өзгертетiн абоненттерге қосымша қызмет көрсету түрлерi ұсынылған кезде шақыруларға бақылауды;
Тармақша 12
12) абонентке шақыруларды басқа абонентке қайта жолдау жөнiнде қызмет көрсетулер ұсынылған кезде осы қызметке тапсырыс берген абоненттiң нөмiрi сияқты абоненттi басқа мекен-жайға қайта жолдау нөмiрi де бақылануы қажеттiгiн;
Тармақша 13
13) өтiнiш бойынша БП-нен абоненттердiң санаттары мен оларға ұсынылатын қызмет көрсетулердiң, қосымша түрлерi туралы ақпаратты алудың мүмкiндiгiн;
Тармақша 14
14) нақты уақыт iшiнде деректер базасынан шешушi сөздер, мекен-жайлар бойынша ақпаратты автоматтандырылған iздестiрудiң мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс.
Тармақ 20
20. Абоненттi бақылауға алған кезде осы коммутациялық станцияның бақылаудағы абоненттерiнiң толассыз нөмiрлерi мен байланыстың жалпы жүйесiн ескере отырып, оған жеке реттiк нөмiр (шифр) берiледi. Нөмiр (шифр) БП-не беріледi және деректердiң базасына енгiзiледi.
Тармақ 21
21. Аталған коммутациялық станцияның бақылауын абоненттер телефондарының (терминалдарының) нөмiрлерi, сондай-ақ жалпы жүйенiң осы коммутациялық станция абоненттерiнiң барлық сыртқа шығатын бiрiктiрулерi бақылануы тиiс абоненттер телефондарының (терминалдарының) олар бойынша нөмiрлерi БП-не берiлуi және деректердiң базасына енгiзiлуi тиiс.
Тармақ 22
22. Бақыланылатын абоненттердiң жалпы саны байланыс жүйесiнiң өткiзу қабiлетiне байланысты болады және Жүйеге арналған техникалық шарттармен айқындалады.
Тармақ 23
23. БП-нiң жабдықтарын бақылаудағы абоненттердiң алмастыру жолдарына қосу бақылау желiлерi (арналары) арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Бақылау желілерінің (арналарының) саны бiр мезгiлде бақыланатын бiрiктiрулердiң талап етілетін санына сәйкес келуi тиiс. Әрбiр бақылау желiлерінің реттiк нөмiрлерi болуға тиiстi.
Тармақ 24
24. Бақыланатын абоненттердің қосылуын тiркеу автоматты түрде жүргізілуі қажет. Бір мезгілде тіркелінетін қосылулардың саны Жүйеге арналған техникалық шарттармен айқындалады.
Тармақ 25
25. Аталған байланыс сеансының (егер бақылау басынан бастап жүргiзiлмесе) қалып қойған ақпаратын қайта қалпына келтіру мүмкіндігі Жүйенiң буферлiк еске сақтау қабiлетiнiң көмегiмен қаралуға тиiс.
Тармақ 26
26. Жүйе бақылау абонентiнiң қосылуын БП-нен команда бойынша еркiнен тыс бұзуға, сондай-ақ абоненттi бақыланатын немесе берiлген нөмiрлерi бойынша қосуды тыйым салуға немесе қосылуға жалпы тыйым салуға немесе штаттан тыс жағдайларда тыйым салуға жол беруi керек.
Тарау 6. 6. Қосуларды орнату фазалары және бақыланылатын шақырулар туралы деректер
6. Қосуларды орнату фазалары және бақыланылатын шақырулар туралы деректер
Тармақ 27
27. Әрбiр бақыланылатын шақырулар бойынша қосуларды орнатудың мынадай фазалары туралы ақпарат БП-не берiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) желідегi абоненттi тiркеу;
Тармақша 2
2) кiрген шақыруы кезiнде абоненттiк желiнi алуы;
Тармақша 3
3) желінiң абонентiн шақыратын телефонының (терминалдың) толық нөмiрiн қабылдау;
Тармақша 4
4) шыққан шақыру кезiнде абоненттiк желіні алуы;
Тармақша 5
5) шақырылатын абонент телефонының (терминалының) толық нөмiрiн қабылдау;
Тармақша 6
6) абоненттiң жауабы;
Тармақша 7
7) жауап жоқ;
Тармақша 8
8) бос емес;
Тармақша 9
9) ажырату.
Тармақ 28
28. Бұл ретте БП-ге бақыланылатын шақырулар туралы мынадай мәлiметтер берiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) бақыланылатын абоненттің реттiк нөмiрi;
Тармақша 2
2) бақылаудың санаты;
Тармақша 3
3) бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi;
Тармақша 4
4) жартылай автоматты кiретiн байланыс туралы белгi;
Тармақша 5
5) шақырылатын абоненттiң (терминалдың) телефон нөмiрi;
Тармақша 6
6) шақырушы абоненттің (терминалдың) телефон нөмiрi;
Тармақша 7
7) қосу түрi (шығыс, кiрiс, ұлттық транзит, халықаралық транзит және т.б.);
Тармақша 8
8) орналасқан жерi туралы ақпарат;
Тармақша 9
9) шақыруды қайта бағыттауға және қосымша қызмет көрсету кезiнде конференц байланысқа қатысушыларға арналған телефондардың нөмiрлерi;
Тармақша 10
10) сөйлесудiң басталған уақыты (сағ. мин.);
Тармақша 11
11) ажыратылған уақыты (сағ. мин.).
Тарау 7. 7. Бақылау санаты.
7. Бақылау санаты.
Тармақ 29
29. Бақыланылатын абоненттерге бақылаудың мынадай санаттарының бiрi берiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) толық бақылау;
Тармақша 2
2) статистикалық бақылау.
Тармақ 30
30. "Толық бақылау" санаты БП-не уақыттың нақты ауқымында қосуды орнатудың фазалары туралы ақпарат, бақыланатын шақырулар туралы деректердiң берiлетiндiгiн білдiредi, сондай-ақ сөйлесу трактында немесе бақыланатын абоненттiң деректерiн беру арналары бойынша берілетiн ақпараттардың түсiрiп алу мен БП-не беру жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. "Статистикалық бақылау" санаты сөйлесу арнасы немесе деректердi беру арнасы БП-не қосылмайтындығын, ал БП-не уақыттың нақты ауқымында қосуды орнату фазасы туралы ақпарат пен бақылаудағы шақырулар туралы деректер берiлетiндiгiн бiлдiредi.
Тармақ 32
32. Егер бiр қосылудағы екi абонент бақылаудағы объектiлер болып табылса, онда қосуды бақылау санаты басымдығы неғұрлым жоғары абоненттiң санаты бойынша орнатылуы тиiс: 1-шi - толық бақылау; 2-шi - статистикалық бақылау.
Тармақ 33
33. Бақылау жүргiзу барысында бақылау санатын өзгерту мүмкiндiгi ұсынылуы тиiс.
Тарау 8. 8. Бақылауды орнату және тоқтату
8. Бақылауды орнату және тоқтату
Тармақ 34
34. СЖ БП-нен мынадай мәлiметтердi алған кезде абоненттердi бақылауға қондырғыны қамтамасыз етуi тиiс.
Тармақша 1
1) бақылау орнату командасы;
Тармақша 2
2) бақыланатын абоненттiң реттiк нөмiрi;
Тармақша 3
3) абонент телефонының (терминалының) нөмiрi;
Тармақша 4
4) бақылаудың санаты;
Тармақша 5
5) бекiтiлген бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi. Бақылау орнату Жүйе әкiмшiлiгiнiң командасы бойынша жүзеге асырылуы тиiс. БП-нен СЖ-на бақылауды тоқтату үшiн тоқтату командасы мен бақылаудағы абоненттiң реттiк нөмiрi жiберiлуi тиiс.
Тармақ 35
35. СЖ БП-нен мынадай деректердi алған кезде байланыстың жалпы желiсiнiң бақылау абоненттерi бар аталған коммутациялық станцияның абонементтерiнің барлық шығатын шақыруларына бақылау орнатуды қамтамасыз етуi тиiс:
Тармақша 1
1) бақылауға орнату командасы;
Тармақша 2
2) аталған станция мен жалпы желiдегi бақылаудағы абоненттердiң ретiмен нөмiрленуi ескеріле отырып бақылаудағы абоненттiң реттiк нөмiрi;
Тармақша 3
3) абонент телефонының (терминалының) нөмiрi;
Тармақша 4
4) нөмiрдiң белгiсi (халықаралық, қаларалық, жергiлiктi);
Тармақша 5
5) бақылаудың санаты;
Тармақша 6
6) бекiтiлген бақылау желiсiнiң (арнасының) нөмiрi. БП-нен СЖ-на бақылауды тоқтату үшiн тоқтату командасы мен бақылаудағы абоненттiң реттiк нөмiрi жiберiлуi тиiс.
Тармақ 36
36. Бақылау орнатудың немесе БП-нен қажеттi ақпараттың толық пакетiн беру сеансы аяқталғаннан кейiн Жүйенiң деректер базасына өзгерiстер енгiзу үшiн БП арқылы жол берілетiн уақыт 30 секундттан аспауы тиiс (қосуды үзу командасын қоспағанда).
Тармақ 37
37. Жүйенiң ден қою уақыты (СЖ-ға команда алынған сәттен бастап оның орындалғаны туралы хабар берiлген сәтке дейiн) уақыттың нақты ауқымындағы көлемi жұмыс кезiнде 1 секундттан аспауы тиiс.
Тарау 9. 9. Абоненттiң орналасқан жерiн бақылау
9. Абоненттiң орналасқан жерiн бақылау
Тармақ 38
38. Орналасқан жерiне бақылау БП-не абоненттiң (абонент телефонының, терминалының) белгiлi бiр жерде тұрғандығы туралы немесе жылжымалы байланыс желiсi абонентiнiң басқаруды бiр комутациялық станциядан келесiсiне беру арқылы орын ауыстырғаны туралы деректер берiлетіндiгiн білдiредi.
Тармақ 39
39. Орналасқан жерiн бақылау Жүйе әкiмшiлiгiнiң талабы бойынша енгiзiледi.
Тарау 10. 10. Жүйенiң жұмыс істеуiн технологиялық бақылау
10. Жүйенiң жұмыс істеуiн технологиялық бақылау
Тармақ 40
40. Жүйенiң аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдалану кезiнде коммутациялық станцияның жабдықтары жұмысының фонында Жүйенiң жұмыс қабiлетiне функционалдық автоматты бақылау мен методологиялық құралдар мен техникалық қызмет көрсету құралдарын бүлінген элементтердi қалпына келтiру барысында жартылай, автоматты бақылау көзделуi тиiс. 41. БП-не Жүйенiң жұмыс iстеуiне әсер ететiн ақаудың пайда болғаны туралы ақпарат берiлуi тиiс. 42. БП-не толық бақылау кезiнде шығу арнасы толған жағдайда тиiстi хабарлама жiберілу тиiс. Бұл жағдайда бақыланатын абонентке бақылаудың статистикалық санаты берілуi тиiс.
Тарау 11. 11. Жүйенi инициалдандыру және қайта iске қосу
11. Жүйенi инициалдандыру және қайта iске қосу 43. Коммутациялық станция авариялық тоқтаған және одан кейiнгi рестарт кезiнде бақылаудағы объектi туралы деректер қалпына келтiрiлмеуi, БП-нен СЖ-на қайта берiлуi тиiс. 44. Коммутациялық станцияны қайта іске қосқан жағдайда, ол туралы БП-не хабар берiлуi қамтамасыз етiлуi тиiс. 45. Коммутациялық станцияны қайта iске қосудың технологиялық режимi Жүйенiң құралдарын қайта iске қосу рәсiмiн қамтуы тиiс. Жүйенi станцияның жұмыс iстеуi фонында БП-нен команда бойынша қайта iске қосудың мүмкiндiгi қамтамасыз етілуi тиiс.
Тарау 12. 12. СЖ мен БП-нiң арасындағы ақпарат алмасу арналарына қойылатын талаптар
12. СЖ мен БП-нiң арасындағы ақпарат алмасу арналарына қойылатын талаптар
Тармақ 46
46. СЖ мен БП-нің арасындағы сандық ақпарат алмасудың хаттамасы ХЭО-Т ұсынымына сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 47
47. СЖ мен БП-нiң арасындағы байланыс деректердi беру арнасы бойынша (басқару ақпараты мен бақыланатын қосылулардың жәй-күйi туралы ақпаратты беруге арналған) және бақыланатын абоненттердiң сөйлесу трактілерiнде берiлетiн ақпаратты беруге арналған бақылау желiлерi (арналары) бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
Тармақ 48
48. СЖ-нан БП бағытына барлық бір мезгілде бақыланатын абоненттердің қосылымдары туралы ақпарат, БП-нен СЖ бағытына - басқарулық және қызметтік ақпараттар берілуі тиіс.
Тармақ 49
49. СЖ мен БП-нің арасындағы байланысты ұйымдастырудың екі нұсқасы қамтамасыз етілуі тиіс.
Тармақша 1
1) бірінші нұсқа жағдайында СЖ-нан БП-не бақыланатын абоненттердің сөйлесу трактілерінде берілетін ақпаратты СЖ-нан БП-не беру 16 км дейін қашықтыққа симметриялы екі сымды физикалық желілер бойынша баламды түрде жүзеге асырылады. СЖ мен БП-нің арасында сандық басқару ақпаратты және бақыланатын қосылымдарының жәй-күйі туралы ақпаратты алмасу үшін деректерді беру арнасы ұйымдастырылуы тиіс.
Тармақша 2
2) байланыстың екінші нұсқа жағдайында СЖ мен БП арасындағы байланыс сөздің және басқару ақпараты жалғаушы желілер бойынша сандық түрде берілуі тиіс.
Тармақ 50
50. Сандық ақпарат алмасу тұтынушыдағы барынша жол берілетін жылдамдықпен жүзеге асырылуы тиіс.
Тармақ 51
51. Деректерді беру арнасы байланыс желісіндегі биталар бойынша -3 қателердің 10 аспайтын коэффициенті мен белгі/шудың +12 дБ ара қатынасы -5 жағдайында биталар бойынша қателердің 10 аспайтын коэффициентін қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 52
52. Ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін үзіліс немесе жұмыстағы тоқтап қалу жағдайында деректерді беру арналарын автоматты резервтендіру ұйымдастырылуы қажет.
Тармақ 53
53. СЖ және БП-нің арасындағы ақпараттар алмасу арналарының ақаусыздығын техникалық бақылау ұйымдастырылуы тиіс. БП мен коммутациялық станциялардың арасында ақпараттар алмасу арналарының аппаратуралары мен кабель бүлінген жағдайда БП-не деректер беру тоқтатылуы және станцияның техникалық қызметшілеріне бүлінгені туралы хабар берілуі тиіс.
Тарау 13. 13. Санкцияландырылмаған енуден қорғау жөніндегі талаптар
13. Санкцияландырылмаған енуден қорғау жөніндегі талаптар
Тармақ 54
54. Жүйенің аппараттық және бағдарламалық бөліктеріне, сондай-ақ СЖ мен БП-нің өзара іс-қимылы ақпаратына санкцияландырылмаған енудің мүмкіндіктері жойылуы тиіс.
Тармақ 55
55. СЖ-ның БП-мен жұмыс істеуі және өзара іс-қимылы процесіне санкцияландырылмаған араласудың мүмкіндіктері жойылуы тиіс.
Тармақ 56
56. БП-не коммутациялық станцияда СЖ-ның жұмыс істеуіне немесе СЖ мен БП-нің арасындағы деректер беру арнасы бойынша ақпараттар алмасу процесіне санкцияландырылмаған ену немесе араласу әрекеттері туралы хабар жіберілуі тиіс.
Тармақ 57
57. СЖ-нің БП-мен өзара іс-қимылы туралы ақпаратты тіркеудің мүмкіндігі болдырылмауы қажет.
Тарау 14. 14. Құжаттамаға қойылатын талаптар
14. Құжаттамаға қойылатын талаптар
Тармақ 58
58. Коммутациялық жабдыққа қойылатын техникалық шарттар Жүйенің жабдығына қатысты бөлімді қамтуы тиіс. Аталған бөлім техникалық шарттардың негізін мәтінінен бөлек шығарылуы тиіс.
Тармақ 59
59. Жүйенің жабдығына арналған техникалық жағдай техникалық сипаттаманы, бағдарламалық қамтамасыз етудің сипаттамасын, пайдалану және жөндеу жөніндегі шарттар мен нұсқаулықтарды, тестілік сынау және қабылдаудың шарттарын, кепілдемелік міндеттемелерді қамтуы тиіс.
Тарау 15. 15. Запас мүліктер мен керек-жарақтарға қойылатын талаптар
15. Запас мүліктер мен керек-жарақтарға қойылатын талаптар
Тармақ 60
60. Запас мүліктерде бұзылған элементтерді ауыстыру арқылы, Жүйе жабдығының жұмыс істеу қабілетін тез қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, функционалдық - аяқталған элементтер мен қажетті құралдардың жиынтығы болуы тиіс. 61. Запас мүліктерге қажет болған жағдайда Жүйені бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта орнатуды жүргізуге мүмкіндік беретін инсталляциондық дискеттердің (дискілердің) жиынтығы кіруі тиіс.
Тарау 16. 16. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар
16. Қауіпсіздік жөніндегі талаптар
Тармақ 62
62. Жүйенің жабдығы қызмет көрсетуші қызметшілердің электрлік қауіпсіздігі, өртке қарсы қауіпсіздікке және санитарияға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.