Құжат мәтініне өту

Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Өзге акт · № 175 · қабылданған 22.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.12.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-49715/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 175 ·22.12.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

ҚАЗОн жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 175 · қабылданған 22.12.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
175
Қабылданған күні
22.12.2009
Көрсетілген редакция
05.12.2012 · қолданыстағы 49715_213320.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
05.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LA000126
ЭКБ идентификаторы
49715
Редакция идентификаторы
49715_213320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:39

0 Он жеті жасқа толатын азаматтарды әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. Қызылорда қаласында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде әскери есепке тіркеу жұмыстары жүргізілсін.

2 2. Тіркеу жұмысын жүргізу үшін қалалық шақыру учаскесіндегі тіркеу комиссиясы (әрі қарай - комиссия) құрылсын және оның құрамы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Әскери есепке тіркеу кестесі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

4 4. Қалалық шақыру учаскесінде есепке тіркеу комиссиясына жұмыс барысын және күн тәртібін айқындау ұсынылсын.

5 5. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінен (келісім бойынша):

1 1) әскери есепке тіркеу үшін шақырылу учаскесінен өтетін азаматтардың денсаулығын куәландыруға дәрігерлер мен аяжандармен қамтамасыз ету;

2 2) әскери есепке тіркелуге жататын азаматтардың денсаулығын тез арада қайта тексеруге, әрі емдеуге қаланың емдеу мекемелеріне нұсқау беру ұсынылсын.

6 6. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қызылорда қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына есепке тұрған жұмыссыз азаматтардың ішінен өз еркімен қоғамдық жұмысқа араласатын 40 (қырық) адам бөлу тапсырылсын.

7 7. "Қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде іздеу салу тобына және шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.

8 8. Қаладағы мемлекеттік мекеме және кәсіпорындар, мемлекеттік емес ұйым және оқу орындарының басшыларынан әскери есепке тіркелмеген әскери қызметке шақырылуға жататын жасы келген азаматтарды медициналық комиссиядан өту мерзімі барысында жұмыстан (сабақтан) дер кезінде босатылу сұралсын.

9 9. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді":
Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы
Қызылорда қаласының қорғаныс
істер жөніндегі басқарма бастығы
__________20 желтоқсан 2009 жыл
Баймаханов Болат Бимендіұлы
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының бастығы
__________5 желтоқсан 2009 жыл
Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлы
Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы
_________25 желтоқсан 2009 жыл
Тұрсынбаев Серікбай Сыздықұлы
N 1 қалалық емхана дәрігері
_________ "___" желтоқсан 2009 жыл