О присвоении наименований улицам и микрорайонам аула Жибек жолы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жібек жолы ауылындағы көшелерге және шағын аудандарға атаулар беру туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 21 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жібек жолы ауылындағы орталық массивтегі жаңа құрылыстар көшесіне атау берілсін: № 1 көшеге - Желтоқсан атауы.
Тармақ 2
2. Жібек жолы ауылындағы бірінші массивтегі жана құрылыстар атауы берілсін 15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27 көшелерін біріктіру арқылы - № 1 шағын атауы, № 28 көшеге - Жаңа Ауыл 2030 шағын аудан атауы.
Тармақ 3
3. Жібек жолы ауылындағы екінші массивтегі жана құрылыстар көшелеріне атаулар берілсін: № 7 көшеге – Мұхтар Әуезов атындағы атауы, № 8 көшеге – Панфилов атындағы атауы, № 9 көшеге – Шәкен Айманов атындағы атауы, № 10 көшеге – Дінмұхамет Қонаев атауы, № 11 көшеге – Жамбыл атауы, № 12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23,24,25,26,27,28 көшелерін біріктіру арқылы - № 2 шағын аудан атауы, № 29,30,31 көшелерін біріктіру арқылы - № 3 шағын аудан атауы.
Тармақ 4
4. Жібек жолы ауылындағы үшінші массивтегі жана құрылыстар көшелеріне атаулар берілсін: № 1 көшеге – Бұхар Жырау атындағы атауы, № 2 көшеге – Нұркен Әбдіров атындағы атауы, № 3 көшеге – Ыбырай Алтынсарин атындағы атауы, № 4 көшеге – Дина Нүрпеисова атындағы атауы, № 5 көшеге – Төле би атындағы атауы.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Аршалы ауданының «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Ибраев «Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Гросс