О присвоении и переименовании наименований улицам аула Жалтырколь Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалтыркөл ауылындағы көше атауларын өзгерту және атаулар беру туралы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, Жібек жолы ауылындағы 2009 жылғы 21 қазандағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жалтыркөл ауылындағы жаңа құрылыстағы көшелерге атаулар берілсін: № 1 көшеге – Нұркен Әбдіров атындағы атауы, № 2 көшеге – Желтоқсан атауы, № 3 көшеге – Мұқағали Мақатаев атындағы атауы, № 4 көшеге – Жағалау атауы, № 5 көшеге – Шәкәрім Құдайбердиев атындағы атауы, № 6 көшеге – Тұрар Рысқұлов атындағы атауы, № 7 көшеге – Ілияс Есенберлин атындағы атауы, № 8 көшеге – Қасым Аманжолов атындағы атауы, № 9 көшеге – Қаныш Сәтпаев атындағы атауы, № 10 көшеге – Мыржақып Дулатов атындағы атауы, № 11 көшеге – Алімхан Ермеков атындағы атауы, № 12 көшеге – Алихан Бөкейханов атындағы атауы, № 13 көшеге – Жақып Ақпаев атындағы атауы, № 14 көшеге – Әмре Қашаубаев атындағы атауы, № 15 көшеге – Нұрмұхан Жантурин атындағы атауы, № 16 көшеге – Мағжан Жұмабаев атындағы атауы, № 17 көшеге – Бабаш Бабашев атындағы атауы, № 18 көшеге – Әмина Өмірзақова атындағы атауы, № 19 көшеге – Шәкен Айманов атындағы атауы, № 20 көшеге - Қаукен Кенжетаев атындағы атауы, № 21 көшеге - Дінмұхамет Қонаев атындағы атауы.
Тармақ 2
2. Жалтыркөл ауылындағы көшелерінің атаулары өзгертілсін: Степная көшесі – Әйтеке би атындағы көшесіне, Молодежная көшесі – Төле би атындағы көшесіне, Школьная көшесі - Сана би атындағы көшесіне, Набережная көшесі – Қазыбек би атындағы көшесіне.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Аршалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Аршалы ауданының «Сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Ибраев «Аршалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы А. Гросс