О мерах по организации приписки граждан к призывному участку управления по делам обороны города Актау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру жөнінде шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Ақтау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеу жылында 17 жасқа толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген Ақтау қаласының аумағында тұрғылықты немесе уақытша тұрып жатқан ересек жастағы азаматтарды тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Меншік нысандарына қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) тіркелуге жататын азаматтарды қаланың шақыру учаскесіне шақыру жөнінде құлақтандыруын және шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) тіркелуге дейінгілерді әскери есепке қою үшін қажетті уақытқа, жасөспірімдерді жұмыс (оқу) орындарындағы жалақыларын (стипендияларын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.К.Хитуовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.