Нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 08 қаңтардағы № 169 «2009 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-101 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің № 14 (1401) 2009 жылы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қала әкімдігінің 2009 жылы 23 желтоқсандағы № 1828 қаулысына қосымша 2010 жылға арналған нысаналы топтарды жұмыспен қамтитын мекемелер мен кәсіпорындар тізбесі