О проведении оперативно-профилактического мероприятия "Правопорядок" Күшін жойған
Басқа 0
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шараларын өткізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды-Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен.
Облыс аумағындағы қылмыстық ахуалдың күрделенуіне, ауыр қылмыстардың жекелеген түрлерінің көбеюіне, олардың ашылуының нашарлауына байланысты және қүқық қорғауды нығайту мақсатында:
Тармақ 1
1. 1999 жылдың 29 қарашасынан бастап айырықша өкім шыққанға дейін облыстың қалалары мен аудандарында қүқық қорғау органдарының
ең мол молшердегі күші және қүралдарын тарта отырып "қүқық қорғау" жедел алдын алу шаралары өткізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ІІБ (С.Ж.Жорабеков) ҮҚКД (А.Қ.Қүрманғалиев) , облыстық прокуратурамен (І.Ж.Бақтыбаев), әділет басқармасымен
(С.Ж.Новикова) , салық полициясы комитетінің басқармасымен (М.Ж.Есетоов), Қостанай облысы бойынша бас кеден басқармасының (Е.Н.Байқасов) келісе отырып, 1999 жылғы 27 желтоқсанға дейін көрсетілген шараны өткізу жөнінен бірлескен жоспар дайындасын, өз ведомстволары бойынша атқарылған жүмыстардың нәтижелері туралы күнделікті есеп берудің нысандарын әзірлесін, өткізіліп жатқан шаралардың қорытындыларын шығару жөнінен жүмысшы топтарын қүрсын.
Тармақ 3
3. Жедел алдын-алу шараларын өткізуге қатысатын қүқық қөрғау органдарының іс әрекеттерін үйлестіру жөнінен облыстық штаб
құрылсын (қосымша). Соларға үқсас штабтар облыстың барлық қалалары мен аудандарында қүрылсын. Облыстық штабтың мүшелері әр аптаның жұмасында сағат 17-ден 18-ге дейін өткізіліп жатқан шаралардың нәтижелері туралы маған баяндап өтырсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне "Қүқық қөрғау" ЖАШ жалпы басшылық жасау және откізілуіне бақылау орнату жүктелсін, жоспарланған
шараларды жүзеге асыру кезеңіне қалалық және аудандық ішкі істер бөлемдерін ЖЖМ қажетті молшерімен қамтамасыз етсін (2 қосымша).
Тармақ 5
5. Қостанай облысының қаржы департаменті (М.А.Щеглова) облыстық ІІБ "Қүқық қорғау" ЖАШ өткізу үшін қару-жарақ, арнайы құралдар, ЖЖМ, киім-кешек алуға қажетті ақшалай қаражат бөлсін
Басқа 6. Штаб мүшелері:
Қостанай облысы
әкімінің 1999 жылғы
26 қарашадағы №1-239ө өкіміне 1 қосымша
Облыс аумағында "Құқық қорғау" жедел- алдын алу шараларын өткізу
жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Төраға: облыс әкімі Өмірзақ ШҮКЕЕВ
Торағаның орынбасары: ІІБ бастығы Серік Жорабекүлы Жорабеков
Штаб мүшелері:
ІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Аманкелді Ахметқалиүлы Өмірбаев
облыс прокуроры, әділеттің 3 сыныпты мемлекеттік кеңесшісі Ілияс Жақыпбекүлы Бақтыбаев (келісім бойынша)
ҮҚҚЦ бастығы генерал-майор Аманкелді Қүрманғалиев (келісім бойынша)
Салық полициясы комитеті басқармасы бастығының міндетін атқарушы салық полициясының майоры Марат Жақсылықүлы Есетов (келісім бойынша)
Қостанай облысы бойынша бас кеден басқармасының бастығы кеден қызметінің полковнигі Естай Нүрғалиүлы Байқасов (келісім бойынша)
әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сақыпжан Жәркенқызы Новикова
Басқа 7
Қостанай облысы
әкімінің 1999 жылғы
26 қарашадағы №1-239ө
өкіміне 2 қосымша
Құқык қорғау ЖАІІІ өткізу кезеңіне облыстық қалалық және аудандық ішкі
істер бөлімдеріне ЖЖМ бөлудің КЕСТЕСІ
Қостанай ҚІІБ -45 тонна
Рудный ҚІІБ -15 тонна
Лисаковск ҚІІБ -10 тонна
Жітіқара ҚАІІБ -15 тонна
Арқалық қаласының ІІБ -15 тонна
Алтынсарин АІІБ -5 тонна
Әулиекол АІІБ -5 тонна
Аманкелді АІІБ -3 тонна
Қарабалық АІІБ -5 тонна
Жангелдин АІІБ -3 тонна
Қамысты АІІБ -5 тонна
Қостанай АІІБ -7 тонна
Науырзым АІІБ -5 тонна
Денисов АІІБ -5 тонна
Сарыкол АІІБ -5 тонна
Үзынкөл АІІБ -5 тонна
Меңдіқара АІІБ -5 тонна
Федоров АІІБ -5 тонна
Таран АІІБ -5 тонна
Қарасу АІІБ -5 тонна
Басқа 8
Қостанай облысы
әкімінің 1999 жылғы
26 қарашадағы № 1-239ө
өкіміне 3 қосымша
"Қүқық қорғау ЖАІІІ өткізу үшін қажетті материалдық ресурстардың арнаулы
және басқа құралдардың ТІЗІМІ
1. Оқ өтпейтін кеудешелер - 100 дана 4 млн.230 мың теңге сомасына
2. Қол кісені - 100 дана 150 мың теңге сомасына
3. Резеңке таяқшалар - 200 дана 320 мың теңге сомасына
4. Қол шамдары - 150 дана 48 мың теңге сомасына
5. ЖЖМ - 1 млн 600 мың теңге сомасына
6. Қысқы киім-кешек - 5 млн теңге сомасына
Барлығы 11 млн.348 мың теңге сомасына