О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5 тармағына, «Жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы шешімге сәйкестендіру және жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізуді «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келiсiм бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келiсiм бойынша) ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 52 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3240 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газетінің 2008 жылғы 10 сәуірінде № 42-43 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235
шешіміне қосымша
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні
1.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
418,31
2.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
1 197,59
3.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
337,35
4.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
337,35
5.
Су энергетика
теңге/1000 киловатт сағатына
-
6.
Су көлігі
теңге/1000
тонна километр
40,48
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні
7.
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метр
834,90
8.
Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде
теңге/1000 текше метр
2 386,36
9.
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метр
657,4
10.
Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метр
657,4
11.
Су энергетика
теңге/1000 киловатт сағатына
-
12.
Су көлігі
теңге/1000
тонна километр
-