Об образовании областной комиссии по делам семьи и женщин Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 13.12.2004 № 43 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 4176 Жарлығын орындау және отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің облыстың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайлар туғызу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімі жанынан консультациялық-кеңесші орган ретінде облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия төмендегі құрамда құрылсын:
1. З.К. Мухлисова - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі,
комиссия төрайымы
2. С.Н. Анищенко - облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі
басқарма бастығының орынбасары
3. Е.И. Тарасенко - қала әкімінің орынбасары
4. Н.Б. Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
5. З.М. Мусина - Кәсіпкер әйелдер одағының атқарушы директоры
6. Д.Б. Иманғалиев - Батыс Қазақстан аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі
аумақтық қордың атқарушы директоры
7. А.М. Мұхитова - облыстык әділет басқармасы ЗАГС бөлімінің меңгерушісі
8. А.С. Сейтақов - Батыс Қазақстан "Балдырған"балалар қорының атқарушы директоры
9. М.Н. Панкина – Орал гуманитарлық университетінің жаратылыстану факультетінің
деканы
10. Н.Я. Сайынова – Қазақстан мұсылман әйелдері облыстық лигасының төрайымы
11. Е.С. Қатаев – облыстық білім басқармасының бастығы
12. А.Д. Хамзин – облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия бекітілген күннен кейін бір ай мерзімі ішінде 1999 жылдың 1 тоқсанына жұмыс жоспарын әзірлесін.
Тармақ 3
3. Бұл мәселе бойынша бұдан бұрын облыс әкімінің орынбасары Р.Сүйербаев қабылдаған 1996 жылғы 29 шілдедегі № 3-31 өкімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қала мен аудандар әкімдері де аталған жұмыстарды жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.