Егінсу ауылдық округіне қарасты Құмтөбе разъезіндегі Теміржол көшесінің атауын Мұхаметкәрім Берлікенов көшесі атауына өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Егінсу ауылдық округіне қарасты Құмтөбе разъезіндегі Теміржол көшесінің атауын Мұхаметкәрім Берлікенов көшесі атауына өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егінсу ауылдық округіне қарасты Құмтөбе разъезіндегі Теміржол көшесінің атауы Мұхаметкәрім Берлікенов атындағы көше атауына өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Егінсу ауылдық округінің бас маман - салық инспекторы Тоғжан Ерболановаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.