Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 5 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шардара ауданында тұратын Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған азаматтары 2009 жылғы қаңтар-наурыз аралығында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу, есепке алу, олардың санын анықтау және ұйымдастыру үшін аудандық комиссия төмендегі құрамда құрылсын: Қабылов Жумабек Наржанұлы -Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); Қарабеков Мейіржан Көпжанұлы -аудан әкімі аппаратының жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары; Каттабеков Нұрлыбек Сырбекұлы -Шардара аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша); Азтаев Қайрат Саттарұлы -Шардара аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері (келісімі бойынша); Батырова Есенай Абдурахманқызы -Шардара аудандық емханасының мейірбикесі, комиссия хатшысы;
Тармақ 3
3. Қала және ауылдық округ әкімдері:
Тармақша 1
1) азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияның жұмыс жүргізуі үшін талаптарға сай келетін ғимараттармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне 1993 жылғы туылған азаматтарды тіркеу жөніндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуды, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуге көмек көрсетсін;
Тармақша 3
3) шақыру учаскелеріне тіркелу үшін аудандық, ауылдық тіркеу учаскелеріне азаматтардың шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қала, ауыл әкімдері осы қаулыға сәйкес шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі атқарылған жұмыс туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкімі аппаратына тапсырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қабылов Жумабек Наржанұлы 25 желтоқсан 2009 ж. Шардара аудандық емхана бастығы Сапаров Жұмабек Мизамидинұлы 25 желтоқсан 2009 ж. Шардара аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Абдраханова Гулнар Керімханқызы 25 желтоқсан 2009 ж. Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бекманов Ерлан Исабекұлы 25 желтоқсан 2009 ж.