О присвоении наименований улицам аула Токтамыс, села Иванковка, села Новокиевка, села Гордеевка Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тоқтамыс ауылының, Ивановка селосының, Новокиевка селосының, Гордеевка селосының көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңынын 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ерголка ауылдық оругінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тоқтамыс ауылының, Иванковка селосының, Новокиевка селосының, Гордеевка селосының көшелеріне атаулар берілсін. Тоқтамыс ауылында: № 1 көшеге – Сәкен Сейфуллин атындағы атауы; № 2 көшеге – Ахмет Байтұрсынов атындағы атауы; № 3 көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы атауы; № 4 көшеге – Целинная атауы; № 5 көшеге – Абай атындағы атауы; № 6 көшеге – Клубная атауы; № 7 көшеге – Ыбырай Алтынсарин атындағы атауы; № 8 көшеге – Қаныш Сәтпаев атындағы атауы; № 9 көшеге – Садовая атауы. Иванковка селосында: № 1 көшеге – Набережная атауы; № 2 көшеге – Мәншүк Мәметова атындағы атауы; № 3 көшеге – Степная атауы. Новокиевка селосында: № 1 көшеге – Школьная атауы; № 2 көшеге – Бейбітшілік атауы; № 3 көшеге – Мұхтар Әуезов атындағы атауы. Гордеевка селосында: № 1 көшеге – Целинников атауы; № 2 көшеге – Новая атауы; № 3 көшеге – Центральная атауы; № 4 көшеге – Әл-Фараби атындағы атауы; № 5 көшеге – Аққайын атауы; № 6 көшеге – Сәбит Мұқанов атындағы атауы.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Бұланды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Бұланды ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Қ. Әбділдина Бұланды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.Е. Аймағамбетова