Қолданыстағы ред. 23.11.2009

Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегі) өзгерту туралы от 23.11.2009 г. № 27-95 (Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегі) өзгерту туралы)

0

Іле ауданы елді мекендерінің шекарасын (шегі) өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-2 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108 бабының 5 тармағына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-12 “Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 3 тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Іле аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған схемалық карталарға сәйкес, төмендегі аудан елді мекендерінің шекаралары (шегі) мынадай өзгертілсін:
Чапаев ауылдық округінің Чапаев ауылы елді мекенінің шекарасына – барлығы 47,9 гектар егістік жер аумағы енгізілсін;
Байсерке ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 764,33 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Байсерке ауылына – 566,2 гектар, (33,5 га суармалы егістік, 49,7 га жайылым, 483,0 га басқа жерлер), Көктерек ауылына – 3,33 гектар (0,33 га суармалы егістік, 3,0 га бау-бақша), Жаңа талап ауылына – 95,0 гектар (11,3 га суармалы егістік, 59,7 га жайылым, 24,0 га тәлімі егістік), Жаңа дәуір ауылына - 69,8 гектар (32,2 га суармалы егістік, 24,6 жайылым, 13,0 га басқа жерлер) және Ынтымақ ауылына – 30,0 гектар (20,6 га суармалы егістік, 9,4 га жайылым);
Қараой ауылдық округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 88,0 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Қараой ауылына – 28,0 гектар (4,3 га жайылым, 23,7 га басқа жерлер), Тлендиев ауылына – 33,5 гектар (4,0 га жайылым, 29,5 га басқа жерлер) және Қосөзен ауылына - 26,5 гектар (11,3 га суармалы егістік, 10,6 га жайылым, 4,6 га басқа жерлер);
Энергетик кенттік округі елді мекендерінің шекарасына барлығы 474,5 гектар жер аумағы енгізілсін, оның ішінде: Өтеген батыр кентіне – 377,0 га егістік жер, Қарасу ауылына –12,5 га жайылым, Покровка ауылына – 85,0 га.

2

2. “Іле аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Құдайбергенов Н.К.) қосылған жер учаскелеріне белгіленген тәртіппен қала құрылыс құжаттарын дайындасын.

3

3. Жер учаскелері бөлінеді деп танылсын.

4

4. Сервитутпен ауыртпашылықтары – жер учаскелері арқылы жаяу жүріп өту, көлікпен жүріп өту және коммуникациялардың барлық түріне кіру құқығы қамтамасыз етілсін.

5

5. “Іле аудандық жер қатыныстары бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Әшіров Қ.Б.) қолданылып жүрген есеп құжаттамаларына өзгертулер енгізсін.

6

6. Осы бірлескен шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік - экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Д.П.) және аудан әкімінің орынбасарларына (Файль В.А., Садуақасов А.С.) тапсырылсын.

7. Іле ауданы Чапаев ауылының шекарасын өзгерту ЖОСПАРЫ

7. Осы бірлескен шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іле ауданы Чапаев ауылының
шекарасын өзгерту ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Байсерке, Көктерек ауылдарының
шекарасын өзгерту ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Жаңа талап, Жаңа дәуір,
Ынтымақ ауылдарының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Қараой, Тлендиев,
Қосөзен ауылдарының шекарасын
өзгерту ЖОСПАРЫ
Іле ауданы Энергетик кенттік округінің
Өтеген батыр кенті, Қарасу, Покровка
ауылдарының шекарасын өзгерту
ЖОСПАРЫ