Құжат мәтініне өту

Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Өзге акт · № 25-5 · қабылданған 22.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.12.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-49841/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-5 ·22.12.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-5 · қабылданған 22.12.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-5
Қабылданған күні
22.12.2009
Көрсетілген редакция
24.12.2010 · қолданыстағы AI49841_3.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
24.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZM000120
ЭКБ идентификаторы
49841
Редакция идентификаторы
AI49841_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:40

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын және Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа алып, Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

2 2. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2010 жылдың 1 қантарынан бастап ай сайын 1 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

3 3. Жерлеуге төленетін әлеуметтік көмек азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамға отбасының табыстарына қарамастан 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшелерінде белгіленсін.

Қайтыс болған адамның қайтыс болған күнінен бастап 1 жыл аралығында арыздануы керек.

4

4. Жеңіс күніне - Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 50 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 50 000 теңге, ауған соғысы ардагерлеріне 10 000 теңге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5 000 теңге, бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың жұбайларына 5 000 теңге, тыл енбеккерлеріне 3 000 теңге көлемінде белгіленсін.

5 5. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет 6 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

6 6. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысына соңғы шақырылған әскери қызметшілерге көрсетілетін ай сайын әлеуметтік көмек 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

7 7. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3 000 (үш мың) теңгеден 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.