Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 419, 420, 421, 422 баптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнес объектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкалары 2010 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шет ауданы бойынша салық басқармасына бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірінғай салық ставкаларын қолдану тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы ХІХ сессиясының N 19/222 шешіміне қосымша Шет ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салықты есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы N Атауы Саны Өлшем бірлігі Салық ставкасы 1 Бірден көп ойыншының қатысуымен ойнауға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы 1 Айлық есептік көрсеткіш 30 2 Жеке компьютер 1 - 10 3 Бильярд үстелі 1 - 200 4 Ақшасыз ұтыс ойын автоматы бір ойыншымен 1 - 15 5 Букмерлік касса 1 - 40 6 Тотализаторлық касса 1 - 100