Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысанын анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысанын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42 бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шет ауданы бойынша сотталған тұлғаларды қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларын өтеу нысандары төмендегідей белгіленсін;
Тармақша 1
1) "Агадыртепло" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) "Электржабдықтау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) "Қызмет А" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
Тармақша 4
4) "ШетКоммунСервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;
Тармақша 5
5) "Шетэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 6
6) "Nоvа-Цинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 7
7) "Бирлик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 8
8) "Ардагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 2
2. Анықталған нысандардың әкімшілігіне, ауданды көгалдандыру, жайластыру және санитарлық тазалау нысандарындағы қоғамдық жұмыстарды атқаруға сотталған тұлғаларды жүктеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.