Об изменении границ сельских округов Иассы и Орангай города Туркестан Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Иассы және Оранғай ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қалалық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының Иассы ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Оранғай ауылдық округінен жалпы көлемі 7394,5 гектар жер бөлігінің қосылуымен Иассы және Оранғай ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.