О минимальном размере уставного капитала уполномоченных организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2007.09.24. N 112 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен. Қызметінің бірден бір түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдардың қаржы тұрақтылығын нығайту және жұмыс тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері 250 мың теңге болып бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жұмыс істеп тұрған уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ осы қаулы күшіне енгізілгенге дейін мемлекеттік тіркелуге рұқсат алған уәкілетті ұйымдарға өздерінің жарғылық капиталын 2000 жылдың 1 сәуіріне дейін осы қаулының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес келтіру міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұлттық Банк облыстық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 5
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасы (Сембиев Н.К.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Ғ.Құдышевке жүктелсін.