Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗЖер салығының ставкаларын белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-136
- Қабылданған күні
- 20.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2010 · қолданыстағы 49935_217167.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DC000070
- ЭКБ идентификаторы
- 49935
- Редакция идентификаторы
- 49935_217167
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:44
0 Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381, 382, 386 баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2010 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Текелі қалалық мәслихатының
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы" 2009 жылғы
20 желтоқсандағы
N 15-136 шешіміне
қосымша
Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2010 жылға арналған жер
салығының ставкалары
(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)
Рет N
Жерді пайдалану бағыты
Текелі қаласы
Рудник кенті
1
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары.
6,75
0,96
2
Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.
0,39
0,13
3
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары, көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда.
0,20
0,20
4
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға.
0,20
0,20
5
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда.
67,5
9,6