Об утверждении Правил учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидаларын бекіту туралы 📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары бекітілсін. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Банктерді қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің вексельдер есебін жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1995 жылғы 18 мамырдағы N 17 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы вексельдік есеп айырысу жүйесі туралы уақытша ереженің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 396 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары 📌 Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен. Осы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының вексельдерді есепке алуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының (бұдан әрі – банктер) вексельдерді есепке алу тәртібі айқындалады. Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 22.11.2021 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) вексельдер есебiн жүргiзу - бұл индоссамент бойынша төлем мерзiмi басталғанға дейiн банктердiң (есеп жүргiзу кеңселерiнiң) вексель ұсынушыға дисконтты есептен шығарып немесе онысыз вексельдiк соманы төлеумен вексельдердi қабылдауы;
Тармақша 2
2) клиент - вексельдi есеп жүргiзуге ұсынатын адам;
Тармақша 3
3) қайта тапсырылатын индоссамент - вексель ұстаушы жазған және вексель бойынша кейбiр құқықтарды индоссант белгiлеген шектерде қайта ауыстыру мақсатын көздейтiн вексельдегi жазу;
Тармақша 4
4) вексельдi өтеу - вексель ұстаушы қандай болсын мiндеттемелердi төлеушiнiң орындауын талап ету құқығына ие болатын вексель ұстаушының вексельде төлеушi ретiнде көрсетiлген адаммен қарым-қатынас қалыптастыруы. Мұндайда, мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төмен болмауы тиiс;
Тармақша 5
5) вексельдiң көшiрмесi - бұл вексельдiң түпнұсқасын индоссаменттермен және ондағы барлық басқа белгiлермен дәл көрсететiн көшiрме. Мұндайда, вексельдiң түпнұсқасы қолында бар адам көрсетiледi. 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Банк вексельдiк сома мөлшерiн банк белгiлейтiн дисконт ұстап қалуға құқылы.
Тармақ 3
3. Егер вексель бойынша төлем жасайтын орын банк тұрған орыннан өзге елдi мекенде көрсетiлсе, банк дисконт сомасына, сондай-ақ почта шығыстарын және басқа қаланың банктерiне вексельдердi инкассациялауға комиссиялық сыйақы қосуға құқылы. Почта шығыстарын алудың тәртiбi мен шарттарын банк пен почта байланысы ұйымының арасындағы шарт арқылы банк белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Егер вексельде "есеп жүргiзуге ұсынуды және ақша алуды сенемiн" немесе вексель бойынша құқықтарды жүзеге асырумен байланысты қандай болсын iс-әрекеттi орындау тапсырмасын көздейтiн кез келген басқа жазу жазылса, онда мұндай сенiмдегi адам (клиент) вексельдi есеп жүргiзуге берумен байланысты барлық ресiмдеудi жасауға құқылы. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдағаннан кейiн вексельдi банктiң пайдасына тек қана қайта тапсырым индоссаментiне қол қойған адам (заңды вексель ұстаушы) индоссирлей алады.
Тармақ 5
5. Банктер есеп жүргiзуге сомасы теңгемен көрсетiлген вексельдердi, ал шетел валютасымен операциялар жүргiзуге лицензия болса - сомасы шетел валютасымен көрсетiлген вексельдердi қабылдауға құқылы.
Тармақ 6
6. Форфейтинг – банктiң вексельдi индоссамент бойынша клиентке (өзiнiң индоссантына) регресс құқығынсыз вексель сомасын төлеп қабылдауы (сатып алуы). Банк форфейтинг операцияларын жүргiзуге тек қаржы нарығы мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi – уәкілетті орган) форфейтинг операцияларын жүргiзуге лицензиясы болса ғана құқылы. Форфейтинг операциясын жүргiзген кезде банк сондай-ақ вексель сомасынан дисконт ұстап қалуға құқылы. 📌 Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тарау 2. 2-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау талаптары
2-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау талаптары
Тармақ 7
7. Банк есеп жүргiзуге тек қана жарамды вексельдердi қабылдайды.
Тармақ 8
8. Вексель егер оның деректемелерi «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-9, 32, 74, 75-баптарына сай болса жарамды болып саналады. Вексель мәтiнiн тексеру тәртiбi осы Қағидалардың 4-тарауында белгiленген. 📌 Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 9
9. Банк қола, достық (қарама-қарсы) және қаржылық вексельдерге, сондай-ақ төлеушi немесе вексель берушi векселдер бойынша қабiлетi жоқ адамды көрсеткен вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тармақ 11
11. Операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеге банк вексельдердi есепке алуға қабылдаудың мынадай талаптарын кiргiзуге құқылы:
Тармақша 1
1) вексель бойынша мiндеттi адамдардың санына талаптар, яғни вексельде өткiзiп беру жазуларының (индоссаменттердiң) белгiленген ең жоғары мөлшерiнiң болуы;
Тармақша 2
2) төлеушiге немесе вексель бойынша мiндеттi басқа адамға авальдiң болуы (авалистiң төлем қабiлетi);
Тармақша 3
3) аударма вексельдерi үшiн өтеудiң болуы;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа талаптар. 📌 Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 12
12. Егер банк вексельдiң мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша мiндеттi адамдар туралы бiрыңғай қорытынды жасай алмаса немесе вексельдiң мәтiнiнде вексель бойынша құқықтарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейтiн басқа ақаулар болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 13
13. Егер вексель бойынша төлем күнiне дейiн қалған мерзiм вексельдi төлем орнына жiберу (инкассация) үшiн қажеттi қолайлы мерзiмнен кем болса, банк вексельдi есеп жүргiзуге клиенттен қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 14
14. Сондай-ақ векселдегi индосаменттер қатарының үздiксiздiгi банктiң вексельдi есеп жүргiзуге қабылдауының шарты болып табылады.
Тармақ 15
15. Банктiң форфейтинг операцияларын жүргiзуiнiң мiндеттi талаптары:
Тармақша 1
1) төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлем қабiлетiн тексеру;
Тармақша 2
2) осындай тәсiлмен есепке алынған барлық вексельдердi осы Қағидалардың нормаларына сәйкес қатаң жiктеу болып табылады. 📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тарау 3. 3-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау тәртiбi
3-тарау. Вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау тәртiбi
Тармақ 16
16. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы Банктiң шешiм қабылдауы үшiн клиент банкке мына құжаттарды:
Тармақша 1
1) вексельдерге есеп жүргiзуге тапсырысты;
Тармақша 2
2) вексельдiң түпнұсқасын (егер болса аллонжбен бiрге);
Тармақша 3
3) вексельдiң нотариалды көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) егер вексель ұстаушы заңды тұлға болса, заңды тұлғаның лауазымды адамына сенiмхатты;
Тармақша 5
5) авальдi, егер ол жеке актiмен берiлсе;
Тармақша 6
6) алынып тасталды;
Тармақша 7
7) банк белгiлеген басқа құжаттарды бередi. Егер есеп жүргiзу үшiн банкке вексельдiң көшiрмесi берiлсе, онда банк клиенттен немесе вексель бар адамнан құжаттың түпнұсқасын берудi талап етуге құқылы. Вексельдiң түпнұсқасы банкке берiлмеген жағдайда, банк вексельдiң көшiрмесiн есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуға құқылы. Егер есеп жүргiзу үшiн банкке аударма вексельдiң акцептелмеген данасы берiлсе, онда банк клиенттен немесе аударма вексельдiң акцептелген данасы бар адамнан аударма вексельдiң акцептелген данасын берудi талап етуге құқылы. Аударма векселдiң акцептелген данасы банкке берiлмеген жағдайда, банк аударма вексельдiң акцептелмеген данасын қабылдаудан бас тартуға құқылы. 📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Банк құжаттарды қабылдағанға дейiн өзiне берiлетiн әр вексельдiң құралуының дұрыстығын, сондай-ақ вексельдегi индоссаменттердің жүйелі қатарының үздiксiздiгін тексеруге мiндеттi.
Тармақ 18
18. Құжаттарды қабылдағанда вексельдердi есеп жүргiзуге қабылдау туралы банк шешiм қабылдауы үшiн банктiң жауапты қызметкерi вексель түпнұсқасының, аллонждың (егер болса) және вексельдiң берiлген ксерокөшiрмесiнiң бiрдейлiгiн салыстырады, содан соң вексельдiң түпнұсқасын вексельдi есеп жүргiзуге ұсынған адамға қайтарады.
Тармақ 19
19. Банкте есеп жүргiзу туралы мәселесi шешiлiп жатқан вексель осы банкке сақтауға өткiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 20
20. Банк вексель ұстаушыдан вексельдiң тауарлар сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуді қоспағанда) шарттары негiзiнде берiлгенiн растайтын кез келген ақпаратты сұрауға құқылы. 📌 Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тармақ 21
21. Вексель мәтiнiн және осы Қағидаларда көзделген басқа iс-жосықтың сақталуын тексергеннен кейiн банк вексельдердi есепке алуға қабылдау туралы шешiм қабылдайды. Аталған шешiмдi вексельде көрсетiлген сомаға банктiң кредит беруге өкiлеттi тиiстi органы қабылдайды. 📌 Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 22
22. Вексельдi есепке алуға қабылдау немесе одан бас тарту туралы банк шешiм қабылдауға мiндеттi мерзiмдi банк операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережеде белгiлейдi. Аталған мерзiм осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн берген күннен бастап он банктiк күннен аспауы керек. 📌 Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 23
23. Вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы банктiң уәкiлеттi органы шешiм қабылдағаннан кейiн банк қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарламаны клиентке банк аталған шешiмдi қабылдағаннан кейiн келесi күннен кешiктiрмей беруге (жiберуге) мiндеттi.
Тармақ 24
24. Вексельдi банктiң меншiгiне берудi индоссамент оның пайдасына ресiмдейдi.
Тармақ 25
25. Форфейтингтi банкке индоссамент клиенттiң қосатын "маған айналымсыз" деген ескертуiмен ресiмдейдi.
Тарау 4. 4-тарау. Вексель мәтiнiн және вексель бойынша мiндеттi адамдардың төлем қабiлетiн тексеру
4-тарау. Вексель мәтiнiн және вексель бойынша мiндеттi адамдардың төлем қабiлетiн тексеру
Тармақ 26
26. Банк деректемелерi заң талабына сай вексельдердi есепке алуға қабылдайды. Егер вексельде осы Қағидалардың 27, 31-тармақтарында көрсетілген деректемелер болмаса, банк оны есепке алуға қабылдаудан бас тартуға мiндеттi. 📌 Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 27
27. Есепке алуға ұсынылған аударма вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 28-30-тармақтарында көзделгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:
Тармақша 1
1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;
Тармақша 2
2) белгiленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған бұйрық;
Тармақша 3
3) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
Тармақша 4
4) төлем мерзiмiн көрсету;
Тармақша 5
5) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
Тармақша 6
6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;
Тармақша 7
7) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;
Тармақша 8
8) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс. 📌 Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 28
28. Егер аударма вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда төлем мерзiмi талап ету бойынша көрсетiлген болып саналады.
Тармақ 29
29. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады.
Тармақ 30
30. Егер аударма вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып мойындалады.
Тармақ 31
31. Есепке алуға ұсынылатын жай вексельдiң мәтiнiнде осы Қағидалардың 32-34-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мына деректемелер:
Тармақша 1
1) құжаттың тура сол мәтiнiне кiргiзiлген және осы құжат құралған тiлде жазылған "вексель" деген атау;
Тармақша 2
2) белгіленген ақша сомасын төлеуге ештеңемен шартталмаған уәде;
Тармақша 3
3) төлем мерзiмiн көрсету;
Тармақша 4
4) төлем жасалуы тиiс орынды көрсету;
Тармақша 5
5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс адамның аталуы;
Тармақша 6
6) вексельдiң құралу күнiн немесе орнын көрсету;
Тармақша 7
7) вексель беретiн адамның (вексель берушiнiң) қолы болуы тиiс. 📌 Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 32
32. Егер жай вексельде төлем мерзiмi көрсетiлмесе, онда вексель ұсыну бойынша мерзiммен берiлген болып саналады.
Тармақ 33
33. Ерекше нұсқау болмаса, төлеушiнiң атауымен қатар жазылған орын төлем және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрағы немесе мекен-жайы болып саналады.
Тармақ 34
34. Егер жай вексельде оны құрау орны көрсетiлмесе, онда ол вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған болып қаралады.
Тармақ 35
35. Банк вексель берушiнiң, төлеушiнiң және вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың бар екенiн тексеруге мiндеттi, бiрақ индоссанттар қолдарының растығын тексеруге мiндеттi емес.
Тармақ 36
36. Егер аударма вексель бойынша төлеушi немесе жай вексель бойынша вексель берушi ойдан шығарылған адамдар болса, онда банк мұндай вексельдiң ұсынылуы туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға мiндеттi. Мұндай вексельдi бiле тұра есеп жүргiзуге қабылдаған банк Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген бойынша жауап бередi.
Тармақ 37
37. Вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың вексельдегi қолдары жалған қойылуы құжатты вексельдiк күшiнен айырмайды.
Тармақ 38
38. Егер вексель бойынша төлем мерзiмi өтiп кетсе, банк вексельдерге есеп жүргiзуден бас тартуға мiндеттi. Егер төлем мерзiмi ұсыну бойынша көрсетiлген вексельдiң құралу сәтiнен бiр жыл өтсе, сондай-ақ егер вексельдiң өзiнде оны төлемге ұсыну үшiн одан ұзақ мерзiм көрсетiлгеннен басқа жағдайда, банк вексельдi есеп жүргiзуге қабылдаудан бас тартуы тиiс. Бұл жағдайда банк өзiнiң бас тартуын төлем мерзiмiнiң өтiп кетуiмен дәлелдеуi тиiс.
Тармақ 39
39. Клиенттен құжаттарды алғаннан кейiн және вексельдi есеп жүргiзуге қабылдау туралы шешiм қабылдағанға дейiн банк клиенттiң және төлеушiнiң төлеу қабiлетiн талдауға, сондаи-ақ банк көрсетiлген адамдардың вексель бойынша өз мiндеттемелерiн өтеуге қабiлетсiздiгiне әкелуi мүмкiн факторларды зерттеуге құқылы.
Тармақ 40
40. Банк вексель бойынша мiндеттi басқа адамдардың төлеу қабiлеттiлiгiн тексеруге құқылы.
Тарау 5. 5-тарау. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдердi тiркеу және сақтау тәртiбi
5-тарау. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдердi тiркеу және сақтау тәртiбi
Тармақ 41
41. Есеп жүргiзуге қабылданған әрбiр вексель бойынша банк есеп жүргiзуге қабылданған вексельдерге қатысты барлық құжаттар тiгiлетiн жеке "вексельдiк жеке iс қағаз" ашады.
Тармақ 42
42. Есеп жүргiзуге қабылданған вексельдер банкте қатаң есеп құжаттары ретiнде сақталуы тиiс.
Тармақ 43
43. Вексельдердi төлемге немесе вексель бойынша төлем алуға уақтылы ұсыну үшiн банк мына белгiлер бойынша:
Тармақша 1
1) клиент (атауы және қажеттi деректемелерi);
Тармақша 2
2) вексель бойынша төлем мерзiмдерi;
Тармақша 3
3) вексель бойынша төлем орны;
Тармақша 4
4) төлеушi (атауы және қажеттi деректемелерi);
Тармақша 5
5) басқа белгiлерi бойынша вексельдерге қосымша тiркеу жүргiзе алады.
Тармақ 44
44. Банк активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес эмитенттердің кластық деңгейі бойынша есепке алынатын барлық вексельдерді жіктейді, сондай-ақ есепке алынатын вексельдер бойынша провизиялар қалыптастырады. 📌 Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тармақ 45-46
45-46. 📌 Ескерту. 45-46-тармақтар алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тарау 6. 6-тарау. Өзiнiң портфелiндегi вексельдермен банк жүргiзетiн операциялар
6-тарау. Өзiнiң портфелiндегi вексельдермен банк жүргiзетiн операциялар
Тармақ 47
47. Банк есепке алған және өзiнiң порфелiндегi вексельдермен мынадай операцияларды:
Тармақша 1
1) төлем мерзiмi басталғанда вексель бойынша төлем алуды;
Тармақша 2
2) вексельді индоссамент жасауды жүзеге асыруға құқылы. 📌 Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 48
48. Банк алынған вексельді банктің жасауы үшін рұқсат етілген ғана мәмілелер бойынша банк заңдарына сәйкес әрі қарай индоссамент жасай алады.
Тармақ 49
49. Төлемді уақытылы алу жөніндегі шараларды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескеріп дербес жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 49-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 қаулысымен.
Тармақ 50
50. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 51
51. Валюталық операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар есеп жүргізу кеңселері (банктер) римессаны тек қана одан әрі шетел кредиторына олардың алдындағы берешекті өтеуге беру үшін пайдалана алады. 📌 Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 52
52. Банк есеп жүргізуге қабылданған векселдерден заңмен белгіленген талаптарға сәйкес көшірмелер алуға құқылы.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 53
53. Банк осы Қағидалардың талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі. 📌 Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 54
54. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.2005 № 61 қаулысымен.
Тармақ 55
55. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.05.2005 № 61 қаулысымен.