О передаче государственных учреждений - центров обслуживания населения Комитета регистрационной службы и оказания правовой помощи Министерства юстиции Республики Казахстан в ведение местных исполнительных органов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтары — мемлекеттік мекемелерін жергілікті атқарушы органдардың қарамағына беру туралы «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) осы қаулының қосымшасына сәйкес мүліктік кешендер ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының коммуналдық меншігіне берілсін.
Тармақ 2
2. Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлім алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 11-жолда: 2-бағандағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары 8560» деген жол алынып тасталсын; 3-бағандағы «30680» және «26292» деген сандар тиісінше «22120» және «17732» деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламада: «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету» деген 4-тарауда: реттік нөмірі 2-жолдың 4-бағаны «, Орталық және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілетін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысына қосымша Республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілетін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі Р/с № Бе­рі­ле­тін мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер­дің тіз­бе­сі Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ата­уы 1 «Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ақ­мо­ла об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 2 «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 3 «Ал­ма­ты об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 4 «Аты­рау об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Аты­рау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 5 «Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның № 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 6 «Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның № 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 7 «Жам­был об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Жам­был об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 8 «Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 9 «Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Қа­ра­ған­ды об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 10 «Қо­ста­най об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Қо­ста­най об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 11 «Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет квр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Қы­зы­лор­да об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 12 «Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Маң­ғы­стау об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 13 «Пав­ло­дар об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Пав­ло­дар об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 14 «Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 15 «Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның әкім­ді­гі 16 «Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 17 «Аста­на қа­ла­сы Ал­ма­ты ауда­ны­ның № 2 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 18 «Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 1 Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 19 «Аста­на қа­ла­сы Са­ры­ар­қа ауда­ны­ның № 2 Ха­лық­қа қыз­мет кор­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Аста­на қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 20 «Ал­ма­ты қа­ла­сы Ал­ма­лы ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 21 «Ал­ма­ты қа­ла­сы Бо­стан­дық ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 22 «Ал­ма­ты қа­ла­сы Же­ті­су ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 23 «Ал­ма­ты қа­ла­сы Ме­деу ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі 24 «Ал­ма­ты қа­ла­сы Түрксіб ауда­ны­ның Ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның әкім­ді­гі