Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Беларусь об обмене правовой информацией Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 3 маусымда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісім *
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің арасындағы Құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісім * (Келісім 2000 жылғы 1 ақпанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2004 ж., N 4, 20-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады, - достық пен өзара түсіністік қатынастарын нығайтуды қалай отырып, - құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып, - екі мемлекеттің заңдар туралы өзара хабардар болуын жақсарту жөніндегі қатынастарды дамытудың қажеттілігін мойындай отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар халықаралық алмасуға жататын, жариялауға ашық нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізбесінде (қоса беріліп отыр) белгіленген мәселелер бойынша екіжақтылы құқықтық актілер ақпаратын алмасудың қажеттігін мойындайды. Жоғарыда көрсетілген тізбе Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Бап 2. 2-бап
2-бап Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа мемлекеттік және Тараптарды білдіретін мемлекет заңымен қорғалатын өзге де құпиядан басқа сұралған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты беруге міндеттенеді. Ынтымақтастық барысында Тараптардың бірі алған ақпарат ол меншігі болып табылатын Тараптың келісімі болған жағдайда ғана құқықтық ақпарат алмасу жүйесінен тыс пайдаланылуы мүмкін. Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптардың мүддесіне залал келтіретіндей болып пайдаланылуға тиіс емес.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптар ұлттық ақпарат ресурстарын пайдалана отырып, мәліметтердің эталондық базасын алмасады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыра отырып: субъектілер тізбесін - ақпаратты пайдаланушыларды; ақпараттың құқықтық режимін - ақпараттық дәрежесін, құжатталуын, алыну мүмкіндігін, сақталуын, таратылуы мен қорғалуын айқындайтын белгіленген нормативтік ережені белгілейді.
Бап 5. 5-бап
5-бап Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесін құру мен алмасу жөніндегі жұмыстардың үйлестірушілері етіп мыналарды белгілейді: Қазақстан Республикасы Үкіметі тарабынан - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Беларусь Республикасы Үкімет тарабынан - Беларусь Республикасы Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы.
Бап 6. 6-бап
6-бап Тараптар бірлесе пайдалану үшін белгіленген Ұлттық құқықтық ақпарат ресурстарына (мәліметтердің эталондық базаларына) қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық мәліметтердің толық, шынайы және дер кезінде берілуі үшін жауапкершілік көтереді.
Бап 7. 7-бап
7-бап Нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат, әдетте, орыс тілінде және тегін беріледі. Тараптар өзара келісім бойынша құқықтық ақпаратты хабарлар мен жүйелер тобын таратудың белгіленген халықаралық стандарттарын сақтай отырып, құжаттарды электронды хабар беру арқылы алмасады немесе қажетті ақпаратты хатқа түсіріп береді.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар: мәліметтер базаларын алмасу кезінде бір біріне нормативтік құқықтық актілерді беріп отыруды; қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық ресурстар жүйелерін, сондай-ақ жаңадан құрылған құпия байланыстар жүйелерін пайдалана отырып құқықтық ақпарат алмасуды жүргізу қажет деп санайды. Құқықтық ақпарат алмасу екі мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттар жөніндегі құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
Бап 10. 10-бап
10-бап Келісім Тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. Барлық өзгерістер мен толықтырулар Хаттамамен ресімделеді, ол осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бап 11. 11-бап
11-бап Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер екіжақтылы келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілетін болады.
Бап 12. 12-бап
12-бап Осы Келісім Тараптардың ішкі мемлекеттік шаралардың орындалғаны туралы соңғы құлақтандыруын алған күннен бастап күшіне енеді және егер Тараптардың біреуі Келісім күшінің мерзімі бітерден кем дегенде алты ай бұрын басқа Тарапты өзінің осы Келісімнің күшін тоқтату жөніндегі ниеті туралы хабардар етпесе, онда қолданылу мерзімі кемінде әрбір бес жылға өздігінен ұзарып, бес жыл бойы қолданылатын болады. 1999 жылғы маусымның 3 күнінде Минск қаласында екі түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тілдерінде жасалды, екі мәтіннің де заңдық күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланылатын болады. Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Басқа 0. Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізімі
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы құқықтық ақпарат алмасу туралы Келісімге Қосымша Мемлекетаралық алмасуға жататын нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізімі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік құрылыс негіздері.
Тармақ 2
2. Азаматтық құқық.
Тармақ 3
3. Неке және отбасы.
Тармақ 4
4. Азаматтық-іс жүргізу заңдары.
Тармақ 5
5. Төрелік іс жүргізу.
Тармақ 6
6. Халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту.
Тармақ 7
7. Еңбек.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру.
Тармақ 9
9. Қаржы және несие.
Тармақ 10
10. Кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет.
Тармақ 11
11. Өнеркәсіп.
Тармақ 12
12. Күрделі құрылыс пен күрделі жөндеу.
Тармақ 13
13. Қала құрылысы мен архитектуралық кешендер.
Тармақ 14
14. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешендері.
Тармақ 15
15. Сауда.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету.
Тармақ 17
17. Көлік және байланыс.
Тармақ 18
18. Білім.
Тармақ 19
19. Ғылым.
Тармақ 20
20. Мәдениет.
Тармақ 21
21. Азаматтардың денсаулығын қорғау.
Тармақ 22
22. Тұрғындарға дене тәрбиесін беру.
Тармақ 23
23. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды (тұтастай) тиімді пайдалану.
Тармақ 24
24. Жер туралы заңдар.
Тармақ 25
25. Жер қойнауы туралы заңдар.
Тармақ 26
26. Ормандарды қорғау және пайдалану.
Тармақ 27
27. Суды қорғау және пайдалану.
Тармақ 28
28. Жануарлар әлемін қорғау және пайдалану.
Тармақ 29
29. Атмосферадағы ауаны қорғау.
Тармақ 30
30. Геодезия және картография.
Тармақ 31
31. Гидрометеорология.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік қызмет.
Тармақ 33
33. Қорғаныс.
Тармақ 34
34. Мемлекет қауіпсіздігі.
Тармақ 35
35. Кеден ісі.
Тармақ 36
36. Қоғамдық тәртіпті қорғау.
Тармақ 37
37. Сот. Әділет. Прокуратура.
Тармақ 38
38. Қылмыстық заңдары.
Тармақ 39
39. Қылмыстық-іс жүргізу заңдары.
Тармақ 40
40. Қылмыстық-атқарушылық іс жүргізу заңдары.
Тармақ 41
41. Әкімшілік жауаптылық.
Тармақ 42
42. Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар.
Тармақ 43
43. Халықаралық жеке құқық және үрдіс. Сыртқы экономикалық қатынастар.