О присвоении наименований улицам села Степное Дамсинского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Дамса селолық округінің Степное селосының көшелеріне атау тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылдың 24 қарашасындағы № 11 шешімі негізінде Степное селосы тұрғындарының пікірі есебімен Дамса селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Дамса селолық округінің Степное селосының көшелеріне атау тағайындалсын:
№ 1 көшесіне - Ынтымақ көшесі;
№ 2 көшесіне – Наурыз көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Шортанды ауданының «Саулет
және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е. Байтоканов
Шортанды ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Бартош