Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғындардың жеке иелігіндегі малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан тұрғындарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда отбасының жиынтық табысын есептеген кезде азаматтардың жеке иелігіндегі 2 бас мүйізді ірі қара, 5 бас қой мен ешкі малдарын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындалсын.
Тармақ 2
2. 1-тармақта белгіленген мал басы санынан артық малдың әр басының өнімі бұрынғы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Ережесіне сәйкес статистика органдары беретін бағалармен отбасының жиынтық табысына кіріс болып есептелінсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық, селолық округ әкімдері тұрғындар арасында осы қаулыға байланысты түсінік жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.