Об упразднении отдельных сел на территории области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс аумағындағы жекелеген ауылдарды тарату туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес, жекелеген аудандардың өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып Алматы облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол ауылдық округке ең жуық елді мекендерінің құрамына енгізілсін.
Тармақша 1
1) Ақсу ауданы бойынша: Молалы кентік округтің Орманов ауылы таратылып, тұрғындары Алажиде станциясының құрамына;
Тармақша 2
2) Панфилов ауданы бойынша: Жаркент қалалық округінің Елтай ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына; Жаркент қалалық округінің Еңбекші ауылы таратылып, тұрғындары Жаркент қаласының құрамына;
Тармақша 3
3) Талдықорған қаласы бойынша: Еркін ауылдық округінің "5-бөлімше" ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына; Еркін ауылдық округінің "ЗВТ уч." ауылы таратылып, тұрғындары Талдықорған қаласының құрамына енгізілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық статистика департаменті (Б.Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Баталовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен Алматы облыстық әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.