Об утверждении Положения о размере и порядке предоставления жилищной помощи Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды - ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 16.09.2003 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің тұрмысы нашар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне жәрдемдесу бөліміне өзгеріс енгізу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 Заңына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Ереже бекітілсін (№ 1 қосымша).
Басқа 1. ЕРЕЖЕ
1999 жылғы 15 желтоқсандағы ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІІІ сессиясының шешіміне № 1 қосымша Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі жөнінде ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiс енгiзу туралы" 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 Заңының 2 тармағына және қолданыстағы заңға сәйкес тұрмысы нашар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi күтiп ұстау (жеке тұрғын үйдi күтiп ұстау қосылмайды), коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемi үшiн тұрғын үй көмегiнiң көлемi мен көрсетiлу тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы өтiнiш Алматы қаласының Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң тұрғын үй жәрдемi бөлiмiне берiледi.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы өтiнiш барлық тапсырылған құжаттармен бiрге алушының жеке iсiнде сақталады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегiн төлеу қолданыстағы заңға және осы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегiн төлеу өткен ай үшiн жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Барлық даулы мәселелер қолданыстағы заңда белгiленген тәртiппен шешiледi.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегiн төлеу Агенттiк келiсiм негiзiнде Алматы қаласы Халықтық Жинақ Банкiсiнiң филиалдары арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 7. Тұрғын үй көмегi
7. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi Халықтық банктiң облыстық филиалдарымен бiрлесе отырып, әр айдың 10-шы жұлдызына дейiн тексеру актiлерiн жүргiзедi. Тұрғын үй көмегi
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегi Алматы қаласында тұрақты тұратын адамдарға, егер тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiнiң» шығындары тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары мен коммуналдық қызметтер тұтыну нормативтерiнiң шегiнде отбасы бюджетiнде жиынтық кiрiстiң 30 пайыздық үлесiнен асқан жағдайда ғана көрсетiледi. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтердiң тұтыну төлемiн азаматтар жалпы негiздер бойынша төлейдi.
Тармақ 9
9. Өтемдiк шаралармен қамсыздандырылатын тұрғын алаңының нормалары Тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әрбiр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына орайлас. Тұрғын үй жәрдемi қызметтерi есепке алатын тұрғын үйдi күтiп ұстау шығындарының көлемiн Алматы қаласының Әкiмi белгiлейдi. 10. Тұрғын үй көмегiн Алматы қаласының Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi ақшалай төлейдi. 11. Тұрғын үй көмегi қалада тұрақты тұратын және меншiк нысанына қарамастан тұрғын үйдiң меншiккерi немесе пайдаланушысы (жалдаушысы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 10
Тармақ 12
12. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі пәтері, үйі бар немесе тұрғын үй ғимаратын жалдауға берген адамдар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Тармақ 13
13. 📌 Ескерту. 1 абзац алынып тасталды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған VIII сессиясының 28.12.2000 шешімімен . Мүгедектердi бағып күтетiн, күтiп бағуға мұқтаж деп танылған немесе үш жасқа дейiнгi бала тәрбиесiмен шұғылданатын (бiр немесе одан артық), сондай-ақ ең жасы кiшi бала бiрiншi сыныпты бiтiргенге дейiн (9 жастан жоғары емес) 4 және одан да көп баланы тәрбиелейтiн адамдарды қоспағанда жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыссыз ретiнде жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген еңбекке қабiлеттi адамы бар отбасының тұрғын үй көмегiн алуға құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтер көлемiнiң азайтылуы ретiнде нақты адамға көрсетiледi. Тұрғын үй көмегiнiң» көлемi тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлемiне нақты аударылған сомадан аспауы тиiс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлемi үшiн отбасының шектi жол берiлген шығындары үлесiнiң, отбасы кiрiстерiнiң, сондай-ақ коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтерiнiң өзгерiсi кезiнде Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi бұрын белгiленген көмекке қайта есептеудi жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күннiң бойында Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне өз тұрғын үй меншiгi нысанының, отбасы құрамының және ортақ кiрiстiң кез-келген өзгерiсi, сондай-ақ көмектi дұрыс аудармаған жағдайлар туралы 10 күннiң бойында хабарлауға мiндеттi. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне артық немесе заңсыз өтем тағайындауға әкелiп соқтырған жалған мәлiметтер бергенi үшiн меншiккер (жалдаушы) бiр жол бойына көмек алу құқығынан айырылып, шығындарды өтейдi және заңда белгiленген тәртiппен айып санкцияларын төлейдi.
Тармақ 17
17. Азаматтарға тұрғын үй көмегiн төлеу мына жағдайда уақытша тоқтатылады, егер бағдарламаға қатысушы: - келесi аттестациядан өту үшiн ақпарат тапсырмаса; - шартқа қол қоюдан бас тартса; - тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтер төлемiн уақытында өткiзбесе; - қате есеп беру немесе басқа бұзушылық салдарынан артық төленген жәрдемақы сомасын қайтармаса; - жұмыс iстейтiндер әрбiр үш ай сайын табыстары туралы анықтаманы тапсырмайды; - әрбiр үш ай сайын нысаналық шығынды бақылауға арналған тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн төленген есептердiң көшiрмесiн тапсырмайды. 📌 Ескерту. 17 тармақ толықтырылды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған VIII сессиясының 28.12.2000 шешімімен.
Тармақ 18. Тұрғын үй көмегiн аудару
18. Көмек төлемi тоқтатылады, егер: - отбасы өз ұйғарымы туралы Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне хабарлай отырып, бағдарламадан ерiктi түрде шықса; - тұрғылықты жерiнiң, отбасы құрамының, отбасы кiрiсiнiң өзгерiсi оның тұрғын үй көмегiнiң»бағдарламасына қатысуын негiзсiз етсе; - отбасы шарт бойынша және тоқтату рәсiмiнен кейiн өз мiндеттемесiн орындамаса. Тұрғын үй көмегiн аудару
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiм тұрғын үй меншiккерi (жалдаушысы) өтiнiшi мен оған қоса тапсырылатын отбасы құрамы, тұрғын алаңының көлемi, тұрғын үй коммуналдық қызметтерiнiң төлемi бойынша шығындар, отбасының ортақ кiрiсi құжаттар негiзiнде қабылданады. 📌 Ескерту. 19 тармақ өзгерді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған VIII сессиясының 28.12.2000 шешімімен .
Тармақ 20
20. 📌 Ескерту. 20 тармақ алынып тасталды - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған VIII сессиясының 28.12.2000 шешімімен .
Тармақ 21
21. Ақпараттың дұрыстығына күдiк туған жағдайда тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер адамның кiрiсi туралы ақпаратты Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi сұрауға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар оны беруге мiндеттi.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегiнiң көлемi өтемдiк шаралармен қамсыздандырылатын нормалар шегiнде тұрғын үйдi күтiп ұстау мен коммуналдық қызметтердi тұтынғандығы үшiн жалдаушының (меншiккердiң) нақты төлемi мен осы мақсаттар үшiн сол отбасы шығындарының шектi жол берiлген деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
Тармақ 23
23. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiне азаматтардың тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтуын немесе пайда болуын ескере отырып, тиiстi өзгерiстi ай сайын енгiзедi.
Тармақ 24. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн беруге байланысты шығындарды өтеу тәртiбi
24. Тұрғын үй көмегi ресiмделген сәттен бастап 1 жыл мерзiмге тағайындалады. Төленген тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу отбасының жиынтық табысы, отбасы құрамы туралы анықтаманы, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн есеп-түбiртектiң көшiрмесiн тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi. Меншiк нысанына қарамастан қала ұйымдарының тұрғын үй көмегiн алуға арналған анықтамалардың барлық түрлерiн беру тегiн жүргiзiледi. 📌 Ескерту. 24 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған VIII сессиясының 28.12.2000 шешімімен . Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн беруге байланысты шығындарды өтеу тәртiбi
Тармақ 25
25. Тұрғын үй көмегiн алу туралы өтiнiш берген азаматтар сол айды» 25-шi жұлдызынан кейiн келесi айдан бастап көмек алатын адамдардың» жоғарыда көрсетiлген тiзiмiне енгiзiледi.
Тармақ 26
26. Тұрғын үй көмегi төлемiн қаржыландыру қала бюджетi қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 27
27. Тұрғын үй көмегi бөлiмi шарттар негiзiнде көрсетiлетiн көмек сомасын көрсете отыра, пәтерлердiң»негiзгi жалдаушылар мен меншiккерлердiң» тiзiмiн есеп беру айынан кейiнгi айдың 3-шi жұлдызында қалалық қаржы басқармасына тұрғын үй көмегiнiң сомасын бюджеттен өтеуге арналған құрама есептемелердi тапсырады. Қалалық қаржы басқармасы келесi айдың 5-шi жұлдызынан кешiктiрмей аталған қаражатты департаменттiң бюджеттiк есебiне жолдайды, ол өз кезегiнде Халықтық Жинақ Банкiсiнiң бөлiмшесiндегi жәрдемақы алушылардың жеке есеп шотына атаулы түрде аударады. Халықтық Жинақ Банкiсiнiң бөлiмшелерi ай сайын тұрғын үй көлемiнiң төленген сомасы туралы есеп жасайды және белгiленген нысан бойынша есеп беру айынан кейiнгi айды» 5-шi жұлдызында Алматы қаласының Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiне тапсырады.