Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива

Нұсқаулық · № 20/7-IV · қабылданған 24.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-50218/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 20/7-IV ·24.12.2009
27.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива

Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 20/7-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи на приобретение топлива
Атауы (қаз.)
Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы
Акт түрі
Нұсқаулық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20/7-IV
Қабылданған күні
24.12.2009
Көрсетілген редакция
27.06.2012 AI50218_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VI000121
ЭКБ идентификаторы
50218
Редакция идентификаторы
AI50218_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:35

0 Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқауды бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7,  18баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабын, «Кейбір санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімін, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған, басшылыққа алып, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқау

Глубокое аудандық мәслихатының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 20/7-IV шешімімен
бекітілген
Отын алуға әлеуметтік көмек көрсету бойынша
Нұсқау

1 1. Жалпы ережелері

1

1. Осы Нұсқау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының,  «Кейбір санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімінің негізінде жасалған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200 «Дидар», 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған.

2 2. Отын алуға әлеуметтік көмек Глубокое ауданының ауылды елді мекендерінде тұрып және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына беріледі (әрі қарай мәтін бойынша - әлеуметтік көмек).

Әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорттың мемлекеттік ұйымдарының мамандарына біржолғы әлеуметтік көмек жыл сайын 7200 (жеті мың екі жүз) теңге ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарының мамандарына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде көрсетіледі.

3 3. Негізсіз төленген әлеуметтік көмектің сомасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайтарылады.

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау

4 4. Әлеуметтік көмекті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды.

Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесі құжаттарды беріледі:
әлеуметтік көмекті тағайындау туралы арыз;
жеке тұлғаны куәландыру туралы құжаттың көшірмесі;
мекемеден атқаратын лауазымы туралы анықтама;
азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі немесе тұрғылықты жерін куәландыратын құжат.

5 5. Осы Нұсқаудың әрекеті таратылатын екі немесе одан да көп тұлғалар бірге тұрған кезде, әлеуметтік көмек олардың әрқайсысына беріледі.

3 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру

6 6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру осы мақсаттарға қаржылық жылда қарастырылған бюджеттік қаражаттар есебінен әрекеттегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Есеп, бақылау және есептілікті жүргізу

7 7. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша есеп, бақылау және есептілікті жүргізу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктеледі.

Қолданыстағы