О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о сотрудничестве в таможенных делах Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Алматыда 1997 жылғы 10 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Yкiметi арасындағы кеден iстерiндегi ынтымақтастық туралы Келісім
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 3-құжат)
(2000 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 92 бет)
(Келісім 2000 жылғы 18 қаңтардан бастап күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 12, 92-құжат)
Бұдан әрi "Жақтар" деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Әзiрбайжан Республикасы Үкiметi
достық қатынастарды, оның iшiнде кеден iстерi саласында ынтымақтасу жолымен дамытуды қалай отырып,
кеден қызметтерiнiң ынтымақтасуы жолымен екi ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалын дамыту мен жеделдетуге жәрдемдесуге ұмтыла отырып,
кеден заңдарын сақтау, кеден ережелерінiң бұзылуына қарсы күрес Жақтардың мемлекеттерінің кеден қызметтерiнiң ынтымақтастығы кезiнде ойдағыдай жүзеге асырылады деп сене отырып төмендегiлер жөнiнде келiстi:
Бап 1. 1-бап Анықтаулар
1-бап Анықтаулар
Осы Келiсімнiң мақсаттары үшiн келтiрiлетiн терминдер мынадай мағыналарды бiлдiредi:
"кеден заңдары" - Жақтардың мемлекеттерiнiң кеден қызметтерiнің тауарларды әкелуге, әкетуге және жөнекей тасымалдаудың, жолаушылардың қол және салынатын жүктерiнiң валюталық және басқа да құндылықтарын, халықаралық почта жөнелтiлiмдерiнің, кеден баждары мен басқа да төлемдердің, жеңiлдiктер берудің, тиым салулар мен шектеулердi белгiлеудің, Жақтардың мемлекеттерiнiң кеден шекаралары арқылы тауарларды өткiзуге бақылау жасаудың тәртiбiн реттейтiн құқықтық нормаларының жиынтығы;
"кеден қызметтерi" - Жақтардың мемлекеттерiнің орталық кеден органдары;
"кеден ережелерiн бұзу" - кеден заңдарын бұзушылық немесе бұзуға ұмтылу;
"тұлға" - заңды және жеке тұлға;
"есiрткi заттар" - БҰҰ-ының кейiнгi өзгерiстерi және толықтыруларымен 1961 жылғы Есiрткi дәрi-дәрмектерi туралы бiрыңғай конвенциясының тiзiмiне енгiзiлген заттар;
"жүйке улағыш заттар" - БҰҰ-ының кейiнгi өзгерiстерi және толықтыруларымен 1971 жылғы Жүйке улағыш заттар туралы конвенциясының тiзiмiне енгiзiлген заттар;
"прекурсорлар" - халықаралық конвенцияларда Есiрткi дәрi-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттарды өндiруде қолданылатын химиялық материалдар ретiнде жiктелiнетiн заттар мен олардың тұздары;
"бақыланатын жеткiзiлiм" - есiрткi дәрi-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау мақсаттарында Жақтардың құзiреттi органдарының бiлуiмен және қарауымен есiрткi дәрi-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың заңсыз не заңсыздыққа күмән келтiретiн топтамаларының бiр Жақтың мемлекетi аумағына әкелiнуiне, әкетiлуiне және жөнекей тасымалдалуына жол берiлетiн әдiс.
Бап 2. 2-бап Келiсiмнің қолданылу аясы
2-бап Келiсiмнің қолданылу аясы
Осы Келiсiмнiң негiзiнде және кеден қызметтерiнiң көмегiмен олардың құзiреттерiнiң шегiнде Жақтардың мемлекеттерiнiң заңдарын сақтай отырып, Жақтар:
Тармақша а
а) Жақтар арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалдауды жетiлдiру;
Тармақша б
б) кеден баждарын, алымдарын және басқа да төлемдердi дұрыс алуды, сондай-ақ кеден жеңілдiктерiн дұрыс қолдануды қамтамасыз ету;
Тармақша в
в) контрабанда кеден заңдарының бұзылуын болдырмау, тергеу мен жолын кесу мақсатында бiр-бiрiмен ынтымақтасатын болады.
Бап 3. 3-бап Кеден нысандарын ресiмдеудi оңайлату
3-бап Кеден нысандарын ресiмдеудi оңайлату
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi:
Тармақша а
а) өзара келiсе отырып, кеден нысандарын ресiмдеудi оңайлату бойынша қажеттi шараларды қолданады;
Тармақша б
б) бiрiн-бiрi кедендiк қамтамасыз ету шарттарын (қорғасын мөртаңбалар, мөрлердiң iзтаңбалары, жай мөртаңбалар) және кедендiк құжаттарды мойындайды, ал қажет кезiнде өткiзiлетiн тауарларға өздерiнiң кедендiк қамтамасыз ету шарттарын қолданады.
Тармақ 2
2. Транзитпен өтетiн тауарлар мен көлiк құралдары Жақтардың мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес әкелу, әкету және жөнекей тасымалдауға тиым салынған не кеден заңдары бұзылды деуге негiз бар жағдайларды қоспағанда кеден тексеруiнен босатылады.
Бап 4. 4-бап Куәлiктердi беру
4-бап Куәлiктердi беру
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi сұрау бойынша бiр Жақтың аумағына әкелген не әкетiлген тауарлардың келесi Жақтың аумағына заң негiздерiнде әкелiнетiнiн не әкетiлiнетiнiн растайтын куәлiктердi бiр-бiрiне бередi. Куәлiктерде тауарлардың ресiмделiнген кедендiк процедураларының түрi мен нәтижелерi көрсетiледi.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi сұрауы бойынша өздеріне бағынатын кеден органдарының ұсынған куәлiктерiнiң не құжаттарының шынайы екендiгi және барлық қажеттi деректердi қамтитыны туралы мәлiметтердi бiр-бiрiне бередi.
Бап 5. 5-бап Есiрткi дәрi-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес
5-бап Есiрткi дәрi-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi алдын ала сұрау салусыз есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымын болдырмау, тергеу мен жолын кесу жөнiндегi әрекеттерiн жандандыру мақсатында бiр-бiрiне мүмкіндігінше қысқа мерзiмде:
Тармақша а
а) есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен айналысатыны белгiлi немесе бұған күдiк келтiретiн тұлғалар туралы;
Тармақша б
б) есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы үшiн пайдаланылатыны белгiлi немесе бұған күдiк келтiретiн көлiк құралдары, контейнерлер мен пошталық жөнелтiлiмдер, сондай-ақ оларға бақылау жасаудың жаңа әдiстерi туралы мәлiметтердi хабарлайды.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi алдын ала сұрау салусыз есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымында қолданылатын тәсiлдер, сондай-ақ оларға бақылау жасаудың жаңа әдiстерi туралы мәлiметтердi бiр-бiрiне хабарлайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес кез келген Жақтан алынған мәлiметтер, хабарлар мен құжатттар нашақорлықпен және есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымымен айналысатын құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Жақтардың мемлекеттерiнiң заңдарының негiзiнде және өзара келiсе отырып, кеден қызметтерi қажет кезiнде есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында оларды жеткiзудің бақыланатын әдiсiн пайдаланады.
Жеткiзудің бақыланатын әдiсiн пайдалану туралы шешiмдi әр нақты жағдайда Жақтар қабылдайды және олар қажет кезiнде Жақтардың қаржылық уағдаластығын ескере алады.
Бап 6. 6-бап Мәлiметтердi беру
6-бап Мәлiметтердi беру
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi сұрау салу бойынша өздерiнде бар хабарларды, хаттамаларды, өзге де материалдарды немесе олардың куәлендiрiлген көшiрмелерiн салып жiберу жолымен:
Тармақша а
а) кеден төлемдерін, алымдарын және басқа да төлемдердi алуға, сонымен қатар кедендiк жеңiлдiктердi қолданумен байланысты жағдаяттар туралы;
Тармақша б
б) сұрау салатын Жақтың кеден заңдарына қайшы келетiн дайындалып жатқан немесе жасалынған әрекеттер туралы барлық мәлiметтердi бiр-бiрiне бередi.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi алдын ала сұрау салусыз-ақ мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм iшiнде кеден заңдарын бұзушылыққа қарсы күреске Жақтардың ерекше мүдделiлiгi бар заңдардың бұзылу мүмкiндiгi туралы барлық мәлiметтердi бiр-бiрiне хабарлайды. Бұл алдыңғы кезекте:
Тармақша а
а) қоршаған орта немесе халықтың денсаулығына қауiп төндiруi мүмкiн болатын тауарларды;
Тармақша б
б) қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш және улағыш заттарды, жарылғыш қондырғыларды;
Тармақша в
в) айтарлықтай тарихи, көркемдiк, мәдени немесе археологиялық құндылықтардың мәнiндегi тауарларды;
Тармақша г
г) Жақтардың мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес ерекше маңызы бар және жоғары кеден баждарын, акциздерi мен басқа да салықтарды салуға жататын тауарларды өткiзуге қатысты болып келеді.
Бап 7. 7-бап Құжаттарды беру
7-бап Құжаттарды беру
Тармақ 1
1. Жақтардың кеден қызметтерi кеден мәселелерi бойынша қолданылып жүрген заң не өзге де нормативтi актiлердің көшiрмелерiн бiр-бiрiне беретiн және кеден заңдарындағы барлық өзгерiстер мен толықтырулар жайында бұдан әрi бiр-бiрiне дереу хабарлайтын болады.
Тармақ 2
2. Бiр Жақтың кеден қызметi келесi Жақтың кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша кеден ережелерiн қолдануға қатысты мәселелерi бойынша әкiмшiлiк органдарының шешiмдерiнiң көшiрмелерiн бередi.
Тармақ 3
3. Осы Келiсімнiң 11-бабының 2-тармағында "д" қосымша тармағында көзделген талаптан ерекшеленетiн құжаттарды беру туралы сұрау салуларда iстiң мәнi сипатталмауы да мүмкiн.
Тармақ 4
4. Құжаттарды алуды сұрау салған кеден қызметi алудың күнін көрсете отырып растайды.
Бап 8. 8-бап Тәжiрибе алмасу мен көмек көрсету
8-бап Тәжiрибе алмасу мен көмек көрсету
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi:
Тармақша а
а) өз қызметтерiнiң тәжiрибесi мен техникалық бақылау құралдарын қолдану туралы;
Тармақша б
б) кеден заңдарын бұзудың жаңа құралдары мен әдiстерi жайлы;
Тармақша в
в) екi Жақтың өзара мүдделiлiгiн тудыратын басқа да кеден мәселелерi бойынша ақпаратпен алмасады.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi кеден iсi саласында:
Тармақша а
а) кеден қызметтерiнiң пайдаланатын техникалық көмек құралдарымен таныстыру мақсатында өзара мүдделiлiктi тудыратын жағдайларда қызметкерлермен алмасуды;
Тармақша б
б) қызметкерлердi оқытуды және олардың арнайы дағдыларын жетiлдiрудi;
Тармақша в
в) кеден мәселелерi бойынша сарапшылармен алмасуды;
Тармақша г
г) кеден мәселелерiне қатысты кәсiби, ғылыми және техникалық мәлiметтермен алмасуды қосқанда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
Бап 9. 9-бап Тергеу
9-бап Тергеу
Тармақ 1
1. Бiр Жақтың кеден қызметi келесi Жақтың кеден қызметiнiң сұрау салуы бойынша осы Келiсiмнiң 2 бабының "б" және "в" тармақтарымен көзделген тексерудi немесе тергеудi жүргiзедi. Тексерудiң немесе тергеудiң нәтижелерi осы Келiсiмнiң 6-бабының 1-тармағында көзделген тәртiбiне сәйкес сұрау салушы Жаққа хабарланады.
Тармақ 2
2. Тексеру мен тергеу сұрау салынатын Жақтың аумағында қолданылатын заңдарға сәйкес жүргiзiледi. Сұрау салынатын кеден қызметi өзiнiң жеке атынан тексеру мен тергеудi жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Сұрау салынатын кеден қызметi сұрау салушы Жақтың лауазымды адамдарына осындай тексеру мен тергеуге қатысып отыруға рұқсат беруi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Бiр Жақтың лауазымды адамдарының келесi Жақтың аумағында болған кезінде осы Келiсіммен көзделген жағдайларда өздерiнiң ресми өкiлеттiлiктерiнiң құжатпен расталуының болуы және нысанды киiмдi кимеуi, қару-жарақты алып жүрмеуi керек.
Бап 10. 10-бап Сарапшылар мен куәгерлер
10-бап Сарапшылар мен куәгерлер
Бiр Жақтың сот немесе әкiмшiлiк органдары кеден заңдарының бұзылуына байланысты бұған сұрау салатын болса, келесi Жақтың кеден қызметi өз қызметкерлерiн осындай соттық немесе әкiмшiлiк талқыларға сарапшылар мен куәгерлер ретiнде шығып сөйлеуiне өкiлеттiк бере алады. Бұл қызметкерлер өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде белгiлi болған фактiлер бойынша анықтамалар не қорытындылар бередi. Соттық немесе әкiмшiлiк талқыларға қатысқаны туралы сұрау салуда сұрау салынатын Жақтың қызметкерiнiң қандай iс бойынша және кiм болып келетiнi жөнiнде нақты көрсетiлуi тиiс.
Бап 11. 11-бап Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
11-бап Сұрау салудың нысаны мен мазмұны
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнің 9-бабының 1-тармағында көзделген сұрау салу жазбаша нысанда жiберiледi. Сұрау салуды орындауға қажеттi құжаттар түпнұсқаларында, ресми куәлендiрiлген көшiрмелерiнде не фото көшiрмелерiнде қоса тiркеледi.
Сұрау салу:
Тармақша а
а) мүдделерi сұрау салудың негiзiнде жатқан кеден органының атауын;
Тармақша б
б) сұрау салудың мәнi мен себебiн;
Тармақша в
в) процедураның сипатын;
Тармақша г
г) процедураға қатысушылардың аты-жөндерi, мекен-жайлары мен өзге де деректердi;
Тармақша д
д) iстiң мәнi мен оның заңдық жағдаяттары туралы қысқаша сипаттама сияқты деректердi қамтуы қажет.
Бап 12. 12-бап Сұрау салуларды орындау
12-бап Сұрау салуларды орындау
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi өз Жағының заңдарына сәйкес өз құзiретi шегiнде сұрау салуларды орындауда бiр-бiрiне жәрдемдеседi.
Тармақ 2
2. Сұрау салуды орындау сұрау салынатын Жақтың мемлекетiнің егемендiгiне, қауiпсiздiгiне не заңдары мен халықаралық мiндеттемелерiне нұқсан келтiретiн болса, онда оны орындаудан бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Сұрау салудан бас тартылғаны, сонымен қатар бас тартудың себептерi туралы сұрау салатын кеден қызметi жазбаша нысанда дереу хабарланады.
Бап 13. 13-бап Құжаттар
13-бап Құжаттар
Тармақ 1
1. Сұрау салу бойынша шынайы құжаттарды беру ресми куәлендiрiлген көшiрмелер не фотокөшiрмелер жеткiлiксiз болатын жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Шынайы құжаттар сұрау салынатын кеден қызметiне мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде қайтарылуы тиiс.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелерін қолдану кезiнде сұрау салынатын Жақтың немесе осы Келiсiмге қатысушы болып табылмайтын Жақтың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым көрсетілмеуi тиiс.
Бап 14. 14-бап Алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалану
14-бап Алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалану
Тармақ 1
1. Кеден қызметтерi қаралып жатқан кеден заңдарының бұзылуына байланысты соттық не әкiмшiлiк талқыларында тексеру мен тергеулердi жүргiзу кезiнде өздерiнiң хабарларында, хаттамаларында, өзге де материалдарында айғақтар ретiнде осы Келiсiмге сәйкес алынған мәлiметтер мен құжаттарды пайдалана алады. Соттық не әкiмшiлiк талқыларындағы осы мәлiметтердi бағалау сұрау салатын Жақтың заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Сұрау салу бойынша ұсынылған мәлiметтер, хабарлар мен құжаттар осы Келiсiмдi орындау мақсатында ғана пайдаланылады және оларды басқа бiреулерге беруге не оларды берген кеден қызметiнің келiсiмiнсiз өзге мақсаттарда пайдалануға болмайды.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi есiрткi дәрі-дәрмектерi мен жүйке улағыш заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты бұзушылық туралы материалдарды қамтымайды. Мұндай ақпараттардың есiрткi заттардың заңсыз айналымымен айналысатын органдарына тiкелей берiлуi мүмкiн.
Бап 15. 15-бап Шығыстарды өтеу
15-бап Шығыстарды өтеу
Тармақ 1
1. Сұрау салатын кеден қызметi сұрау салынатын кеден қызметiнде жұмыс iстемейтiн сарапшылар мен аудармашылардың жұмысына ақы төлеуге байланысты осы Келiсімдi орындау мақсатында орын алған шығыстарды сұрау салынатын кеден қызметiне өтейдi.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiмнiң 8-бабының ережелерiн орындауға байланысты шығыстарды өтеу Жақтардың кеден қызметтерi арасындағы жеке уағдаластықтардың арнасы бола алады.
Бап 16. 16-бап Келiсiмдi орындау
16-бап Келiсiмдi орындау
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмде көзделген ынтымақтастықты кеден қызметтерi тiкелей жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кеден қызметтерi өз құзiреттерiнің шегiнде осы Келiсiмдi орындауға қажетті нормативтi актiлердi шығарады.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмдi орындау үшiн Жақтардың кеден қызметтерi өз құзiреттерiнiң шегiнде екi жақты кеден қатынастарының күллi кешенi бойынша жеке-жеке келiсiмдердi жасай алады.
Бап 17. 17-бап Қорытынды ережелер
17-бап Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің ережелері басқа халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Жақтардың қабылдаған міндеттемелерiн қамтымайды.
Тармақ 2
2. Осы Келiсiм Жақтардың осы үшін қажетті мемлекет ішіндегi істерді орындағандары туралы соңғы мәлiмдеме жасалған күннен бастап күшiне енеді және Жақтардың бiрi оның әрекетін тоқтату туралы екіншісiне жазбаша мәлімдеме жiберген алты ай мерзім бiткенге дейін күшiнде қалады.
Алматы қаласында 1997 ж. 10 маусымда қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде екі данада жасалынды, барлық мәтіндердің заңдық күші бірдей. Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсатында орыс тіліндегі мәтін басым қолданылады.
Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін