Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиелі кенті, "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа алып, Аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 2 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кентінде қарасты "Айналайын" бала - бақшасының батыс бетіндегі атауы жоқ көшеге, облыстық және аудандық білім беру жүйесіне зор үлесін қосқан, елеулі еңбек сіңірген, еңбек ардагері болған Сағынтай Есеновтің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды кент әкімінің орынбасары Түменов Ермаханға жүктелсін.