Көшеге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшеге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының 2010 жылғы қаңтар айындағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Шәуілдір ауылындағы аты жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері, "Отырар ауданының Құрметті азаматы" ауыл тұрғыны Ерсұлтан Аманбаев көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Қ.Ембергенге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.