О наименовании улиц города Шымкента Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының атаулары жоқ көшелеріне: Абай ауданы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Әбіләкім Әбдрамановтың; Еңбекші ауданы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Тәліп Тайбековтің есімдері; Абай ауданы Агропром шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ақ Баян; Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жас Ел деген атаулар берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.