Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Французской Республики о сотрудничестве в борьбе с преступностью Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім
(2012 жылғы 1 желтоқсанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2012 ж., N 6, 83-құжат)
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі,
ұйымдасқан қылмысқа, атап айтқанда, есірткіге, заңсыз көші-қонға, сондай-ақ терроризмге байланысты қылмыстардың тиімді алдын алу және оларға қарсы күрес мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың мәні зор екендігіне көз жеткізе отырып,
есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымының, оларды теріс пайдаланудың, сондай-ақ оларды өндіру үшін пайдаланылатын шикізат пен химиялық заттардың заңсыз саудасының ұлғаюына алаңдаушылық білдіре отырып,
заңсыз көші-қон үшін пайдаланылатын құжаттарды қолдан жасауға қарсы күрес жөнінде тиімді шаралар қабылдауға ниеттене отырып,
екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасуды дамытуға зор мән бере отырып,
орнатылған ынтымақтастық қатынастарды нығайтуға екіжақты ниеттен шыға отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тараптар қылмысқа қарсы күресте техникалық және жедел ынтымақтастықты жүзеге асырады және мынадай негізгі бағыттар:
Тармақша 1
1) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес;
Тармақша 2
2) терроризмге қарсы күрес;
Тармақша 3
3) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес;
Тармақша 4
4) заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және онымен байланысты қылмысқа, атап айтқанда астыртын ұйымдарға қарсы күрес;
Тармақша 5
5) жеке басын куәландыратын құжаттарды қолдан жасауға қарсы күрес;
Тармақша 6
6) адам саудасына, ең алдымен кәмелетке толмағандарды қанауға және жеңгетайлыққа қарсы күрес;
Тармақша 7
7) адам органдары, тіндері мен жасушаларының заңсыз саудасына қарсы күрес;
Тармақша 8
8) қарудың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың, химиялық қоспалардың және бактериологиялық препараттардың, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да қауіпті материалдардың, тауарлар мен технологиялардың заңсыз айналымына қарсы күрес;
Тармақша 9
9) компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып жасалған қылмыстарға қарсы.күрес;
Тармақша 10
10) экономикалық және қаржылық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
Тармақша 11
11) ұрланған көлік құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша бір-біріне өзара көмек көрсетеді.
Тараптардың келісімімен ынтымақтастық Тараптар оларды дамытуға өзара мүдделі болатын қылмысқа қарсы күрестің басқа да түрлеріне қолданылады.
Осы Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және адамдарды беру мәселелерін қозғамайды.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпаратпен, кәсіби тәжірибемен, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде алмасу, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының өкілдерінен тұратын делегациялардың сапарларын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) арнайы құжаттамамен алмасу;
Тармақша 3
3) қызметшілерге арналған оқу курстарын өткізу;
Тармақша 4
4) қажет болғанда сарапшылармен және мамандармен алмасу.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Осы Келісімнің мақсаттарын іске асыру үшін Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының атынан:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі;
Тармақша 2
2) Француз Республикасының атынан:
Француз Республикасының Ішкі істер министрлігі болып табылады.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары осы Келісімнің шеңберінде ынтымақтастыққа ықпал ету мақсатында тікелей екіжақты байланысты жүзеге асыру үшін жазбаша нысанда байланыс деректері мен құралдарын белгілейді.
Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары өздерінің ресми атаулары немесе функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында немесе үшінші мемлекетте жасалған немесе дайындалып жатқан қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысты кез-келген ақпаратпен алмасады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімнің шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының жазбаша сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы ұлттық заңнамалары шеңберінде жазбаша сұрау салу оны орындау үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ іске қатысы бар құжаттардың көшірмелерін қамтиды.
Тармақ 3
3. Шұғыл жағдайда мұндай сұрау салу ауызша жүзеге асырылады және одан әрі қысқа мерзімде сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы жазбаша растауы тиіс.
Тармақ 4
4. Сұрау салынатын Тарап мемлекетінің құзыретті органы мұндай сұрау салуды дереу орындайды. Қажет болған жағдайда сұрау салуды орындау бойынша қосымша ақпарат сұралады.
Тармақ 5
5. Егер мұндай сұрау салуды орындау өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, сот билігін ұйымдастыру және қызметінің нормаларына немесе басқа да маңызды мүддесіне қауіп төндіретін болса немесе мұндай сұрау салуды орындау өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына немесе халықаралық келісімдердің нәтижесі болып табылатын оның міндеттемелеріне қайшы келетін болса, сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
Тармақ 6
6. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан бас тарту себептері туралы немесе оны ішінара орындауға қатысты сұрау салушы Тарапқа дереу хабарлайды.
Тармақ 7
7. Тараптар осы Келісімнің ережелерін орындау кезінде бір-бірімен қарым-қатынас жасауда қазақ, француз және орыс тілдерін пайдаланады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптар осы Келісім шеңберінде алмасу нәтижесінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат тек сұрау салынған мақсатта ғана пайдаланылады. Тараптардың ешқайсысы мұндай ақпаратты оны ұсынған Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа бермейді.
Осы мәліметтерді беру Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Тараптар осы Келісімді орындау барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмеген болса, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешеді.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің 10-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша хаттамалармен ресімделеді.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Осы Келісім 5 жылға жасалады және Тараптардың формалды түрдегі келісімі бойынша келесі бес жылдық мерзімдерге ұзартылуы мүмкін. Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
Тараптардың кез-келгені екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жолдау арқылы осы Келісімнің әрекет етуін тоқтата алады. Осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың тиісті жазбаша хабарламасын алған күннен бастап үш ай өткен соң өз әрекетін тоқтатады. Егер Тараптар өзара келісім бойынша өзгеше шешім қабылдамаса, Келісімді бұзу іске асыру процесіндегі іс-шараларды қамтымайды.
Осыны куәландыру үшін тиісті түрде Тараптардың уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойды.
2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, француз және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Француз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін