Жартытөбе ауылының көшесіне ат қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Жартытөбе ауылының көшесіне ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып 2009 жылғы 16 мамырдағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жартытөбе ауылының Бабата ауылына шығатын тас жолындағы көшесіне Жұмабек Мықтыбаевтың аты берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.