Ынтымақ ауылдық округі Әдената ауылының шекарасын белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ынтымақ ауылдық округі Әдената ауылының шекарасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108 бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес 2,11 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Ынтымақ ауылдық округі Әдената ауылының жалпы ауданы 71,75 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.