Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жоғарыда аталған кәсіпорынмен көрсетілетін жұмыстар мен қызметтерді төлегенде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін есепке алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Еңбегіне ақы төлеу мөлшері жалақының 1,25 ең аз мөлшерінде белгіленсін. Қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры ______________ А. Гизбрехт 2010.01.06 "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ______________ Н. Гулаков 2010.01.06 "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы _____________ С. Плотникова 2010.01.06
Басқа 6