Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы Қолданыста
Басқа 0
Бруцеллез індетіне қарсы шектеу қою туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бап 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, Ұлытау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 21 тамыз күнгі N 02-342 санды ұсынысы негізінде Терсаққан селолық округінде мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез індеті шығуына байланысты аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Терсаққан селолық округі көлеміне ветеринариялық - санитариялық шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Бруцеллез індетіне шалдыққан барлық жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 бұйрығымен бекітілген Жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен күресу бойынша ветеринариялық - санитариялық және санитариялық - эпидемиологиялық Ережесінің талаптарына сәйкес жойылсын.
Тармақ 3
3. Шектеу шараларына байланысты жұмыстар аяқталғанға дейін селолық округ территориясынан арнайы рұқсатсыз ауыл шаруашылығы малдарын тірі алып шығуға шектеу қойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т. Әбдікеровке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.