Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылындағы көшеге атау беру туралы Қолданыста
Басқа 0
Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылындағы көшеге атау беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Қошқарата ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылындағы көшеге "Өмірзақов Есбол" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Оразбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.