Об утверждении Перечней товаров, не подлежащих помещению под некоторые таможенные режимы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір кедендік режимдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 681 қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мыналар бекітілсін: Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі; Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі; Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.
Басқа 0. Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Кеден қоймасы кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Тармақ 1
1. Әскери үлгідегі алуан түрдегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар және жарылғыш заттар.
Тармақ 2
2. Қару-жарақ, әскери техника, оларды жасауға арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
Тармақ 4
4. Өнер туындылары, көне заттар және маңызды көркемдік, тарихи, ғылым немесе мәдени құндылығы бар өзге де заттар.
Тармақ 5
5. Киіктің, маралдың, теңбіл бұғының және изюбрдің мүйіздері, сондай-ақ теңбіл бұғының терісі.
Тармақ 6
6. Күші жойылған құнды қағаздар.
Тармақ 7
7. Қару-жарақтардың, оқ-дәрілердің және ұшу аппараттарының нысандарын дайындауға арналған станоктар мен машиналар.
Тармақ 8
8. Есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар.
Тармақ 9
9. Күшті әсер ететін улар.
Тармақ 10
10. Радиоактивті материалдар.
Басқа 1. Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Мемлекеттің пайдасына бас тартудың кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Тармақ 1
1. Қару-жарақ, оларға оқ-дәрілер, әскери техника, қосалқы бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар және оларға аспаптар.
Тармақ 2
2. Әскерилендірілген ұйымдардың жеке құрамының арнайы жарақтары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық өнім.
Тармақ 3
3. Жарылғыш заттар, жару құралдары.
Тармақ 4
4. Зымырандық-ғарыштық кешендер, байланыс және әскери мақсаттағы басқару жүйелері мен оларды жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
Тармақ 5
5. Зымыран отынының барлық түрі, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен арнайы жабдық.
Тармақ 6
6. Ұрыста қолданылатын уландырғыш заттар, олардан қорғану құралдары және оларды жасау мен пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
Тармақ 7
7. Уран, басқа да бөлінетін материалдар және олардан жасалған бұйымдар.
Тармақ 8
8. Қару-жарақ пен әскери техниканы жасау жөніндегі ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарының, сондай-ақ іргелі іздестіру зерттеулерінің нәтижелері.
Тармақ 9
9. Шифрлау техникасы және оны жасауға және пайдалануға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
Тармақ 10
10. Есірткі құралдары, психотроптық, күшті әсер ететін улы заттар.
Тармақ 11
11. Радиоактивті материалдардың қалдықтары.
Тармақ 12
12. Жарылғыш заттардың қалдықтары.
Тармақ 13
13. Өнеркәсіптік қалдықтар.
Тармақ 14
14. Энергияның электр, жылу және өзге де түрлері.
Тармақ 15
15. Тұтыну мерзімі өткен тауарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтін тауарлар.
Басқа 2. Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 71 қаулысымен бекітілген Бажсыз сауда дүкені кедендік режиміне орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі
Тармақ 1
1. Әскери үлгілердің алуан түріндегі қару, оларға оқ-дәрілер, әскери жарақтар, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды қолдануға арналған аспаптар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік және қоғамдық құрылысты бұзуға бағытталған, соғысты, терроршылдықты, зорлық-зомбылықты, нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұндағы материалдар.
Тармақ 3
3. Өндірістік және әскери-техникалық мақсаттағы тауарлар.
Тармақ 4
4. Ауыр салмақты тауарлар (салмағы 20 кг астам) және көлемді тауарлар (ұзындығы, ені және биіктігі бойынша мөлшерлерінің 200 см астам жиынтығы жағдайында).