Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы, 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркелуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорыны бас дәрігеріне (келісім бойынша) "Аманкелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Село, ауыл және ауылдық округ әкiмдерi:
Тармақша 1
1) тіркеуден өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды бөлсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Аманкелді ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу-сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Хайруллинге жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Аманкелдi аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығы ______________ А. Тлегенов 2010.01.18 Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы "Аманкелдi аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрігері _______________ Р. Есмағанбетов 2010.01.18