Құжат мәтініне өту

Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Қаулы · № 240 · қабылданған 29.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 07.08.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-50647/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 240 ·29.12.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

ҚАЗЖангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 240 · қабылданған 29.12.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Атауы (қаз.)
Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
240
Қабылданған күні
29.12.2009
Көрсетілген редакция
07.08.2012 · қолданыстағы AI50647_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
07.08.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NI000113
ЭКБ идентификаторы
50647
Редакция идентификаторы
AI50647_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:26

0 Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды жәрдемдесу жөнiндегі шараларды қамтамасыз етсiн.

3 3. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 233 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–9–73 тіркелген, 2008 жылғы 12 ақпанында аудандық "Біздің Торғай" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ Л. Зейнекина

6 Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының тізбесі

Әкімдіктің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 240 қаулысына қосымша
Жангелдин ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы
топтарының тізбесі

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) ұзақ мерзім жұмыс істемеген адамдар;

14 14) елу жастан жоғары адамдар;

15 15) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.