О присвоении наименований микрорайонам и улицам Қолданыста
Басқа 0
Шағын аудандар мен көшелерге атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 12 каңтардағы тұрғындар жиналысының хаттамасын есепке ала отырып, Бурабай кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шағын аудандарға атаулар берілсін:
Бурабай кентіндегі
№ 2 шағын ауданға – Табиғат атауы,
№ 3 шағын ауданға – Шаңырақ атауы.
Оқжетпес ауылындағы
№ 1 шағын ауданға - Самал атауы.
Тармақ 2
2. Көшелерге атаулар берілсін:
Бурабай кентіндегі
№ 5 көшеге- Аққайың атауы.
Оқжетпес ауылындағы
№ 2 көшеге – Қарағайлы атауы.
Сарыбұлақ ауылындағы
№ 2 көшеге – Балуан Шолақ атауы,
№ 3 көшеге - Қайнар атауы.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Бурабай ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Бурабай ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.С. Қарсыбаева
«Бурабай ауданының сәулет
және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.З. Жүсіпов