Вопросы Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi
Ескерту Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.10.18. N 1552 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде стандарттарды, техникалық шарттарды, метрологиялық ережелердi сақтауды, өлшем құралдарының жай-күйiн және қолданылуын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi:
Тармақша 1
1) Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Арқалық, Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Семей аумақтық бөлiмшелерi бiрiктiрiлсiн және олардың мүлкiнiң базасында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң жедел басқару құқығындағы және Астана қаласында орналасқан "Мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Орталық Қазақстан аймақтық қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi ("Мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Орталық Қазақстан қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi) құрылсын;
Тармақша 2
2) Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан аумақтық бөлiмшелерi бiрiктiрiлсiн және олардың мүлкінiң базасында жедел басқару құқығындағы және Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетінің "Мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан аймақтық қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi ("Мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан қызметi" республикалық мемлекеттiк мекемесi) құрылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi заңдарда белгіленген тәртiппен жарғыларды бекiтсiн және тiркесiн, осы қаулыдан туындайтын барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 367, 387, 389-жолдарда:
"Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 5
5. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын;
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 634 P980634_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж, N 21, 132-құжат);
Тармақша 2
2) "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 мамырдағы N 582 P990582_ қаулысының 5-тармағының 2-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 19. 205-құжат):
Тармақша 3
3) "Қазақстан стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 4 маусымдағы N 743
қаулысының 5-тармағының
2-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 27, 255-құжат).
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 14. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) туралы
Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2000 жылғы 11 қаңтардағы
N 45 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау
жөнiндегi комитетi (Мемстандарт) туралы
Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласында арнайы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ үйлестiруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi құзыретiнiң шегiндегi ведомство болып табылады.
Комитеттiң стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндетті талаптарын, сертификаттау ережелерiн, сертификатталатын өнiм сапасын, метрологиялық ережелердi сақтауды және өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ сертификаттау және сынақ лабораторияларының, орталықтарының қызметiн мемлекеттiк бақылау жөнiндегi аймақтық қызметтерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) бар.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге, осы Ережеге, сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөрi, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiредi.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес өкiлеттiк берiлген болса, онда ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрық түрiнде актiлер шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында күшi бар.
Тармақ 5
5. Комитеттiң ережесi мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Пушкин көшесi, 166/5.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" республикалық мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Комитеттiң құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Комитеттiң құрылтай құжаты - Комитеттi құру туралы Үкiметтiң қаулысы және осы Ереже болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң және оның мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке, заң актiлерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тарау 2. 2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
2. Комитеттің негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және iске асыру
Тармақша 2
2) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
Тармақша 3
3) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметiн үйлестiру;
Тармақша 4
4) ғылым мен техника жетiстіктерiнiң негiзiнде мемлекеттiк стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестiру;
Тармақша 5
5) өлшем құралдары паркiн жаңарту және эталондық базаны кеңейту;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк стандарттарын әзірлеу;
Тармақша 7
7) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында біліктi кадрлар даярлау болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес және заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, басқа да заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелерінің жұмысын, өлшемдер бiрлiгiн, техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтауды, өнiмдi штрихтық кодтау мен каталогтандыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
Тармақша 2
2) халықаралық талаптарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн, өлшемдер бiрлiгiн және өнімдердi, қызмет көрсетулердi және сапа жүйесiн сертификаттауды жетілдіреді және дамытады;
Тармақша 4
4) физикалық шамалар бірліктерінің эталондық базасын жетiлдiредi және қолдайды;
Тармақша 5
5) өз құзыретiнiң шегiнде стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi жөнiндегi құқықтық актілердi әзiрлеудi ұйымдастырады және әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының негiзгi алынатын мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын тиiстi халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық стандарттармен үйлестiредi:
Тармақша 7
7) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялайды және берiлген лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлімiн жүргiзедi;
Тармақша 8
8) стандарттау, метрология, сертификаттау, сапа жүйесi, мемлекеттiк қадағалау және инспекциялық бақылау саласында мамандарды даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiредi және жүзеге асырады; аталған бағыттар бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарының оқу бағдарламаларын келiседi;
Тармақша 9
9) саудадағы техникалық кедергiлердi жою мақсатыңда стандарттау, метрология және сертификаттау саласында халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) белгіленген тәртiппен өз құзыретiнiң шегiнде стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын және стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлерiн жоспарлауды, әзiрлеудi, қайта қарауды ұйымдастырады, сондай-ақ сараптауды, бекiтудi және тiркеудi жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы стандарттарының, мемлекетаралық, аймақтық, халықаралық және басқа елдердiң ұлттық стандарттарының мемлекеттiк қорын қалыптастырады және жүргiзедi.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) орталық, жергiлiктi атқарушы органдарға, басқа да ұйымдарға өнiмдерге және шығарылатын өлшем құралдарына арналған, тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтiк актiлер талаптарының өзгерiстерi туралар хабарлайды;
Тармақша 15
15) халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше елдерге Қазақстанның пiкiрi бойынша сауда қатынастарында техникалық кедергілер келтiруi мүмкiн әзiрленiп жатқан жобалар мен қолданылып жүрген халықаралық және аймақтық нормативтiк құжаттарға түсiндiрмелер (пiкiрлер) жолдайды;
Тармақша 16
16) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының, сертификаттау ережелерiнiң сақталуын, сертификатталған өнiмдердiң сапасын, метрологиялық ережелердi, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттiк қадағалауды, сондай-ақ сертификаттау жөнiндегi органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) және сапа жүйесiн сертификаттау, шыққан елiн анықтау бойынша сертификаттау сертификаттау жөнiндегi органдарды, сынақ лабораторияларын (орталықтарын) аккредиттеу мен тiркеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi;
Тармақша 18
18) ұйымдарға, оның iшiнде халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдарға сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген органдар, сынақ, тексеру лабораториялары (орталықтары) сертификатталатын өнiмдер, сертификатталған сапа жүйелерi және Комитеттiң құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер туралы хабарлайды;
Тармақша 19
19) өлшем құралдарының, стандарттық үлгiлердiң, мемлекеттiк тiзiлiмдерiн, қымбат бағалы металдардан жасалатын бұйымдарды дайындаушы - кәсiпорындардың, тiркелген тексеру лабораториялары мен метрологиялық қызметтердiң, тiркелген сынақ лабораториялары (орталықтары) мен сертификаттау жөнiндегi органдардың, сарапшы-аудиторлардың атаулықтарын жүргiзудi жүзеге асырады
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметтерiнiң, заттар мен материалдардың стандарттық үлгiлерi қызметтерiнiң жұмысына басшылықты және үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасында шығарылатын және импортталатын өлшем құралдарына мемлекеттiк сынақтар, өлшем құралдары мен өлшем жүйелерiне тексеру және метрологиялық аттестаттау жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасында шығарылатын қымбат бағалы металдардан жасалған бұйымдарды байқап көрудi және мемлекеттiк таңбамен таңбалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, қымбат бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалынатын бұйымдар бойынша техникалық сараптаманы ұйымдастырады.
Тармақша 23
23) азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен олардың оқтарының мемлекеттiк кадастрын әзiрлеуге қатысады, сондай-ақ оны шығаруды және жүргiзудi ұйымдастырады.
Тармақша 24
24) стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы проблемалар жөнiндегi кеңестердi, семинарларды, конференцияларды ұйымдастырады және олардың жұмысына қатысады;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi іске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) өз құзыретiнiң шегiнде тиiстi мемлекеттiк басқару органдары әзiрлейтiн заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
Тармақша 2
2) стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшем бiрлiгiнiң халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiкті атқарушы органдарға және басқа да ұйымдарға ұйымдастыру-әдiстемелiк басшылықты және олардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға қатысуға;
Тармақша 3
3) өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдармен және шет елдердiң заңды тұлғаларымен стандарттау метрология және сертификаттау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және шешiмдер қабылдауға, заңдарда белгiленген тәртiппен стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 5
5) Комитетке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн белгiленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғаларды тексерудi жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) стандарттардың талаптары мен техникалық шарттардың, метрологиялық ережелер мен сертификаттау жөнiндегi ережелердiң бұзылуы фактiлерi анықталған кезде заңдарда белгiленген шаралар қолдануға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өнiмдер мен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайларда жою немесе одан әрi қайта өңдеу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
Тармақша 8
8) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы бірлескен жұмыстарға тартуға;
Тармақша 9
9) өнiмге, сапа, өндiрiс жүйелерiне сертификаттар беруге және өлшем құралдарының түрiн бекiтуге;
Тармақша 10
10) тауардың шыққан елiн айқындау жөнiнде сертификаттар беруге;
Тармақша 11
11) шетелдiк сертификаттарды, сәйкестiк белгiлерiн танудың ережелерiн белгiлеуге, шетелдiк сынақ орталықтарын, тексеру лабораторияларын және сертификаттау жөнiндегi органдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнде тiркеуге;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк органдармен және басқа да заңды тұлғалармен бiрлесiп стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi техникалық комитеттер құруға;
Тармақша 13
13) өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша заңды және жеке тұлғаларға заңдарда белгіленген ықпал ету шараларын қолдану жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
Тармақша 14
14) республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға және белгiленген тәртiппен олардың жарғыларын бекітуге;
Тармақша 5
5) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Комитеттің мүлкi
3. Комитеттің мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және құны Комитеттiң балансында көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң негiзгi қорларынан тұрады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тарау 4. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төраға бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Стандарттарды және өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi бас инспекторы болып табылады.
Төрағаның орынбасарын Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Төрағаның орынбасары лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Стандарттарды және өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi бас инспекторының орынбасары болып табылады.
Тармақ 17
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктеген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Төраға осы мақсатта:
Тармақша 1
1) Төрағаның орынбасарының, құрылымдық бөлiмшелердiң, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметтердiң және өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Комитет аппаратының қызметкерлерiн, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметтердiң және өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметтердiң және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелейдi, сондай-ақ тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды,
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметтер туралы ережелердi, өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың Жарғыларын бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi;
Тармақша 7
7) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, стандарттарды және өлшем құралдарын мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық қызметтерiнiң және өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды;
Тармақша 8
8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу - мемлекеттiк стандарттар мен нормативтiк құжаттарды бекiту және тiркеу үшiн, сондай-ақ стандарттаудың, сертификаттаудың және өлшемдер бiрлiгi мемлекеттiк жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және жетiлдiру үшiн Комитетте жеке құрамын
Комитеттiң төрағасы бекiтетiн, 9 адам санында алқа құрылады.
Алқаның
құрамына Комитет аппаратының қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы
мемлекеттiк кәсiпорындардың басшылары кiре алады.
Алқаның шешiмi Комитеттiң қаулыларымен бекiтiледi.
Тарау 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 13 қаңтардағы
N 45 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
комитетінің қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
__________________________________________________________________________
р/с Кәсіпорындардың атауы Орналасқан жері
N
__________________________________________________________________________
1. "Қазақстан метрология
институты (ҚазМетрИн)" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
шаруашылық жүргiзу құқығындағы Астана қаласы
2. "Қазақстан стандарттау және
сертификаттау институты (ҚазСтИн)"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
шаруашылық жүргiзу құқығындағы Астана қаласы
3-6.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-2-жолдар жаңа редакцияда, 3-6-жолдар алынып тасталды - ҚР
Үкіметінің 2000.08.09. N 1227 қаулысымен.